ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ҚАЗАҚ ЕМЕС, НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА!

20:48, 8 шілде 2021

«Нағыз қазақ - қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра». Ұлттық домбыра күнінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері перзентханаларға барып, жаңа туған нәрестелерге сый-сыяпаттар жасады. Шілденің бірінші жексенбісінде дүниеге келген әрбір балаға Ұлттық аспабымыз домбыра тарту етілді

4-ші шілде Айдана Әбеуованың отбасыүшін ерекше мереке. Бұл күні оның бесінші баласы дүниеге келді. Қуанышты сәті домбыра күні мерекесіне дөп түсті. Көненің көзіндей болған көне аспабымыз ана мен жаңа туған нәрестеге сыйлық ретінде табысталды.

Айдана ӘБЕУОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Бүгін қыз баламды дүниеге әкелдім. Мен өте қуаныштымын. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелеріне алғысым шексіз. Домбыра сыйлағандары үшін алғыс білдіремін. Балаларымызға атақты домбырашыларымыздың жолын берсін.

Ал, кеншілер шаһарының тұрғыны Толқын Бақтиярқызы  тұңғыш нәрестесін дүниеге әкелді. Дүниеге атқамінер азамат келіп, ұлды болды. Оларға да сыйлық ретінде домбыра табысталды.

Толқын БАҚТИЯРҚЫЗЫ,  Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Бүгін өте қуаныштымын. Қазақстан Халқы Ассамблеясы сәбиім екеумізге ұлттық аспапты сыйға тартты. Өте қуаныштымын. Алғысым шексіз.

2018 жылдың 13 маусымында еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту идеясының аясында домбыра күнін Ұлттық мереке ретінде жариялады. Бұл  мейрамды еліміз болып жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде атап өту игі дәстүрге айналған.

Гүлнұр АЙРАМБАЕВА, перинаталдық орталықтың бас акушері:

-Домбыра Ұлттық аспабымыз. Ол исі қазақтың мақтанышы. Біз осындай тағы бір ұлттық мерекенің тарих төрінен орын алғанына және пайда болғанына  қуаныштымыз.

Облыстық перинаталдық орталықта дәл осы күні 1 ұл және екі қыз дүниеге келген. Жас аналар ақ халатты абзал жандардың бұл көрсеткен құрметіне шексіз риза. Қуанышты болған қос ана өз нәрестелерін келешекте домбыра үйірмесіне беру ниетте.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар