ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЫСЫҚТЫ АЯУСЫЗ БИІКТЕН ЛАҚТЫРҒАН

17:18, 15 шілде 2021

Сотқарлық әрекеттен балғындар өмірлік сабақ алды. 6 мен 10 жас аралығындағы бірнеше бала буаз мысықты Қарағандыдағы тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы терезеден лақтырып жіберген. Мойыс балалардың мейірімсіз әрекетіне қоғам белсенділері ашынып отыр

Александар «Муся» атты сиам тұқымды мысығын осыдан бір жыл бұрын көше кезіп жүрген жерінен тауып алыпты. Ал, қожайын жұмысқа кеткенде, мысығын аулаға серуендеуге жібереді екен. Өйткені көрші үйдің балалары сүйкімді мысықпен жиі ойнайтынын айтады.

Александр ЗИБОРОВ, қала тұрғыны:

-Мен кешке қызметімнен келгенде мысығым орындықта күтіп отырады. Ол сондай сезімтал мысық. Мусяны аула тұрғындары мен барлық балалар біледі.

Мысықты тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберді деген полицияның хабарламасын естігенде Александрдың өзі аяғын баса алмай, абдырап қалыпты. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған екі ұл баланың жасы 8 бен  10 шамасында. Ал, көршісі көпқабатты үйден құлап, есі танып қалған  мысықты көріп, дереу ветеринариялық  клиникаға апарған. Себебі мысықтың миы шайқалып, мүшелері сынып, ішкі ағзалары зақымданған көрінеді. Алайда балалар үй хайуанаты өліп қалды деп ойлаған. Полиция қызметкерлері екі баланың ата-анасына айыппұл салды. Айталық әрқайсысына 30 мың  теңге. Бұған қоса олар мысықтың ем-домына ақы төлейді. Оның сомасы 100 мың теңгені құрайды.

Инна  РАДЧЕНКО,  қоғам белсендісі:

-Ата-аналарға айыппұл салу арқылы балалары қателігін түсінетін болады. Олар енді  жануарларға  қатыгездік жасамайтын болады. Бұл оғаш әрекеті үшін  қандай да бір жауапкершілікке тартылды. Бастысы ата-аналар балаларын бос уақытында қатаң  қадағалайтын болады.

Бос уақытын тиімсіз өткізгендіктен энергиясы тасыған балғындар осындай  сотқарлыққа барады,- дейді Александар ЗИБОРОВ.

Себебі тұрғын үйдің ауласында  балалардың  денесін шынықтырып, тартылатын белтемір де жоқ.

Александр ЗИБОРОВ, қала тұрғыны:

-Мысық туралы әңгімені бәзбіреулер бекер деп айтуы әбден мүмкін. Мұндағы мәселе тек үй хайуанатына қатысты ғана емес.  Балалардың мейірімдіктен гөрі қайырсыздыққа қарай бет бұрып бара жатқанында болса керек. Қазір секеңдеп олар гараждардың төбелерінде таңертеңнен кешке дейін бейберекет секіріп жүр. Сөйтіп жүргенде бір бәлеге ұрынады ғой. Олардың  ата–аналары қайда қарап отырғанына қынжыламын.

Бірақ, Инна Радченко ойын алаңдарының жабдықтары жағдайды өзгертеді деп ойламайды. Сондықтан да қоғам белсендісінің пікірі  балалардың мінез-құлқын кәсіби түрде түзету қажет дегенге саяды. Ол  облыстық білім басқармасына балаларды үй хайуанаттарына жанашырлықпен қарауды үйрету үшін мектеп психологтары мен қоғам  белсенділерімен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынып отыр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...