МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

11:29, 5 ақпан 2021

Қарағанды ​​облысында тек осы жылдың басынан бастап 11 мыңға жуық нысанның санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілді. Карантин талаптарын бұзғандарға салынған айыппұлдар сомасы 4 миллион теңгеден асқан. Мониторингтік топтардың атқарған жұмыстары арнайы брифингте талқыланды

19 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіліп, 214 мониторингтік топтар құрылған. Ондағы байқаушылар әлеуметтік нысандарды тексеріп, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады. Бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, келушілердің санына баса назар аударды. Мониторингтік топ мүшелерінің қырағылығы нәтижесінде облыс бойынша 6 нысанның карантин талаптарын өрескел бұзу бойынша фактілері тіркеліп олардың жұмысын тоқтатуына дейін қатаң шаралар қолданылған. Бұл нысандарда 247 адам болған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Кайрат ШОРМАНБАЕВ, Қарағанды облысы бойынша шұғыл әрекет ету орталығының жетекшісі: 

- Қоғамдық тамақтандыру орындарында түнгі сағат 22-00-ден аса болу 30 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға мәжбүрлейді. Бұл үлкен сома. Естеріңізге сала кетсек, банкет залдары, боулинг орталықтары компьютерлік түнгі клубтар, букмерлік кеңселер жұмысы тоқтатылған. Бұл нысандардың заңсыз жұмыс істеуі үлкен қауіп төндіреді.  

Брифингте Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары шаһар бойынша дайындық барысы турасында айтты. Өндіріс орталығында 2 мыңнан астам стационарлық жағдайда ем-дом қабылдайтын провизорлық орталықтардың ашылғанын жеткізді. Резервте тұрғандары 12 пайызды құрайды екен. Стационарлық жатын орындарында өкпені жасанды жолмен демалтатын 80 арнайы және 9 рентген аппараттары мен 7 компьютерлік томографтармен жабдықталған. Сонымен қатар 245 дәріханада ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Кеншілер шаһарында 22 мобильді жұмыс істейді. Бір айдың ішінде олар 54 нысанды тексерістен өткізген. 6 заңды және жеке тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылған. 

Халел ӘКІМЖАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі күні жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді тексеру барысында 10 тәртіп бұзушылық анықталған. Жүргізушілер мен кондукторлар санитарлық талаптарды бұзған. Оларда бетперделер, антисептик залалсыздандыру құралдары болмаған. Осының бәрі індеттің таралуына әкеліп соғады.

Теміртау қаласында да санитарлық талаптар күшейтілген. Мониторингтік топтардың саны 6 дан 16-ға жеткен. Ашықтықты қамтамасыз ету тұрғысында олардың қатарына волонтерлер мен кәсіпкерлер тартылған. Барлық ауқымды шаралар полицейлердің қатысуымен өтуде. Екі түнгі шұғыл әрекет ету топтары да жасақталған. Қажет болса арнайы жасақ топтары да қол ұшын соза алады. Қаңтар айында металлургтер шаһарында 1200-ден астам нысан тексеріліп, 38 тәртіп бұзушылық анықталған.  

Гүлнар ОСПАНОВА, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- 29 қаңтарда мониторингтік топ өкілдері заңсыз жұмыс істеген қоғамдық тамақтандыру орнын анықтаған. Бұл дәмханадағы адамдар саны 20-дан асып жығылған. Шара қолдану үшін барлық құқжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жіберілді.

Бір айта кетерлігі, мобильді топ өкілдері компьютерлік ойын-сауық орталықтарында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді кезіктірсе, онда олардың ата-аналарына айыппұл салады. Барлық аймақ тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, деді брифингке қатысушылар. Егер кез-келген тәртіп бұзушылық анықталса үйлестіру орталығының 109 сенім телефонына қоңырау шала алады.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...