МОНИТОРИНГТІК ТОП РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

11:38, 5 ақпан 2021

Қарағанды облысындағы мониторингтік топтардың жұмыстары тыңғылықты түрде жалғасуда. Санитарлық талаптардың орындалуын қадағалайтын тараптар рейд барысында компьютерлік клубтағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады

Халық көп жиналатын орындар мен әсіресе  әлеуметтік нысандарда карантиндік талаптар сақталуы тиіс. Ал, рейд барысында мониторингтік топ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен қызметке тыйым салынғанына қарамастан заңсыз жұмыс істеген компьютерлік клубты анықтады. Аталған бизнес нысанына 14 адам жиналған. Олардың арасындағы біреуі он сегіз жасқа толмаған болып шықты. Енді санитарлық ережені ескермей, компьютерлік клубта жиналғандардың барлығы дерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұған қоса  кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына қатысты 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Дәл қазіргі уақытта Қарағанды облысында 214 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Жыл басынан бері санитарлық талаптарды қадағалайтын тараптар 12083 нысанға тиісті тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде олар карантиндік талаптарды сақтамаған 573 әкімшілік бұзушылықты әшкерелеген.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен өңір тұрғындарына тыйым салынған қызмет түрі бар нысандарға баруға болмайды. Сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтамағандар жайлы қандай бір ақпараттан құлағдар болсаңыздар, дереу «Сенім 109» телефон нөміріне хабарласаңыздар.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, тілші:

-Жасыратыны жоқ 2020 жылы тәж тажал біреудің жанын алды, кейбіреуінің жақынын жалмады. Бірақ, әлемді абдыратып тастаған індеттен біздің халық әлі сабақ алмаған сыңайлы. Себебі кесел кеулеп, карантин күшейтілсе де жалпақ жұрт қонақ шақырып, той жасаудан тиылмай тұр, - дейді мониторингтік топ өкілдері. Сондықтан ағайын маскаңызды тағып, антисептикті мен  сияқты былай жағып жүріңіз. Өйткені “Саулық негізі сақтықта ағайын.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...