МОЛОДЕЖНЫЙ КЕНТІН ЖАҢҒЫРТПАҚ

14:02, 15 ақпан 2021

Биыл Осакаров ауданындағы Молодежный кентінің дамуына 1,3 миллиард теңге жұмсалмақ. Қаражат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінеді. Ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқын алады. Өңірдің тынысы мен болашағы хақында облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке баяндалды

Қарағанды облысының әкімі Осакаров ауданына іссапармен барды. Аудан басышлығы биылғы бөлінген қаржының нақты қай бағыттарға жұмсалатынын айтып берді. Өңірде 6 жоба іске асырылып, 70 жұмыс орны құрылмақ. Молодежный кентінде Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізбек. Және екі мектеп пен спорт кешенін қалпына келтіреді. Сонымен қатар, кент ішіндегі бірнеше автожолды жаңартпақ.

Руслан НҰРМҰХАМБЕТОВ,  аудан әкімінің орынбасары:

- Молодежный кентіндегі екі мектеп жөнделеді. Бұнда 1000-ға жуық оқушы білім алады. Ол мектептер көптен бері жөнделмеген. Біреуіне 198 миллион теңге, ал екіншісіне 128 миллион теңге жұмсалады. Стадион 352 миллион теңгеге жөнделеді.  

Жеңіс Қасымбектің назарынан тұрғын үй мәселесі де тыс қалмады. Бұнда мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасымен жалдамалы негізде берілетін 60 үй салынады екен. Сөйтіп Осакаров ауданының әлеуметтік кезекте тұрған 120 отбасына баспана бермек. Облыс әкіміне медицина саласының қызметкерлері де өтініштерін айтты. Олардың сөзінше жергілікті аурухана жөндеуді қажет етеді. Жеңіс Қасымбек жауаптыларға жобалық сметалық құжатты әзірлеуді тапсырды.

Руслан НҰРМҰХАМБЕТОВ, аудан әкімінің орынбасары:

- Осы жылы Осакаров кентінде 6 тұрғын үй тұрғызбақпыз. Қосымша 8 пәтерлік 6 бір қабатты үй салынады. Олар аз қамтылған отбасыларға беріледі. Инженерлік коммуникацияларды жөндеуге де да ақша бөлінді.

Жеңіс Қасымбек Павлодар, Ақмола мен Қарағанды облысын және Нұр-Сұлтан қаласын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған Қаныш Сәтбаев атындағы №19-шы су сору станциясына да барды. Жыл сайын 8 миллион тонна көмір өндіретін «Қазақмыс Коал»(Kazkhmys Coal) жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен де танысты.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...