МОБИЛЬДІ ТОП БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

13:14, 10 маусым 2021

Теміртау қаласында жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамаған бизнес нысандарға 7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл 700-ден астам кәсіпкерлікті тексерген мобильді топ анықтаған заң бұзушылық

Осы күндері құрышты қалада  8 000-нан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олар қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан. Көптеген ірі сауда үйлері мен мейрамхана қызметкерлері және тұтынушылар тарапынан санитарлық талаптарды сақтамау фактілері орын алған. 

Самат ЗИЯШЕВ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

Теміртау қаласындағы  арнайы жасақталған 16 мобильді топтың құрамында 50-ге жуық жұмыс істейтін маман бар. Олар дәмханалар мен мейрамханаларды, ойын-сауық орталықтарын, сән салондары мен ірі сауда нүктелерін арнайы тексерістен өткізген. 4461 нысанда түсіндірме жұмыстары жүрген. Кеткен кемшіліктер бойынша 70-ке жуық хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдар көлемі 7 миллион теңгеге жуықтаған.

Самат ЗИЯШЕВ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

Мобильді топ өкілдері құрышты қаладағы «Сити-центр» және «Аян-Пассаж» сауда үйлерінде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ондағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады. Сауда нысандарында әлеуметтік арақашықтық барынша сақталған. Бетперде кию, қолды антисептикалық сұйықтықпен залалсыздандыру, дене қызуын өлшеу сияқты талаптар бұлжытпай орындалуда.

Татьяна ФЕДОРЧУК, «Сити-центр» сауда үйінің әкімшісі:

Теміртау қаласында өткен мамыр айының өзінде ғана мобильді топ өкілдерінің қырағылығы нәтижесінде 555 нысан арнайы тексерістен өткен. 53 тәртіп бұзушылық тіркеліп, 21 әкімшілік хаттама толтырылған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар