ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МІНДЕТТІ ВАКЦИНАЛАУ

11:23, 3 шілде 2021

15 шілдеге дейін бірқатар қызметкерлер коронавирусқа қарсы міндетті вакцина алуы тиіс. Екпе алмағандар жұмысқа кіре алмайды. Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жаңа қаулы туралы хабарлады

25 маусымнан бастап өңірде ауру өршіп кетті. Өткен аптада күніне 200-ге жуық жағдай тіркелген болса, соңғы күндері бұл көрсеткіш екі есе өсті. 2 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус 39 мыңға жуық тұрғында расталды. 26 маусымнан бастап Қарағанды облысы "қызыл" аймақта екені белгілі.  Осыған байланысты бас санитарлық дәрігер халықты барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Юрий ЗАЛЫГИН, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері:

-Коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты, облыс тұрғындары арасында қауіпті індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында бүгін Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің тиісті Қаулысы қабылданды. Оған сәйкес ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері вакцинаның бірінші компонентін, ал 15 тамызға дейінгі мерзімде екінші компонентті  алу керек.

Вакцина алмаған қызметкерлер үшін жұмысқа кіруге рұқсат жоқ.  Бұл талап медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ соңғы үш айда covid-19 ауруына шалдыққандарға әсер етпейді. Ал, екпе алмағандар 7 күнде 1 рет міндетті ПТР-тестілеуден өтіп тұру керек.  Бұл талаптар көтерме, бөлшек сауда, мәдениет және демалыс нысандарына қатысты.

Юрий ЗАЛЫГИН, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері:

-Бұл тізімге халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметологиялық қызметтер, адвокат, нотариус, бухгалтер кіреді.

Егер бұрын бір науқас инфекцияны 3-4 адамға жұқтырса, қазір 5-6 адамға дейін сырқаттануы мүмкін. Вирустың тез көбеюіне байланысты, жаңа штаммның қысқа инкубациялық кезеңі бар. Халі ауыр науқастар көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, ауруханаға жатқызу қаупі екі есе өсті. Өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына сұраныс артқан.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

  -Вакцина алмаған науқастар қатты ауырады. Аяқ-қол тромбозына ұшырап гангренаға, нәтижесінде жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың ампутациясына дейін  әкеледі. Сондай-ақ, бұл вирус, Дельта штаммы жүйке жүйесіне әсер етеді, саңырау болып қалуыңыз әбден мүмкін.

Сондай – ақ, Гамаль Тоқсамбаев бүгінгі таңда облыста ауруханаларда орындар жеткілікті екенін жеткізді.  5 мыңға жуық қосымша төсек дайын. Дәрі-дәрмек қоры да  жеткілікті.  Мамандар   екпе алып өздерін және жақындарын қауіпті індеттен  қорғауға шақырады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...