МЕТАЛЛУРГТЕРДІ ВАКЦИНАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ

16:13, 9 маусым 2021

Теміртау қаласында тұрғындарды егу шаралары қарқынды. Спутник-V препаратының бірінші компонентін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмыскерлері салдырды. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында медицина қызметкерлері металлургтердің жұмыс орындарында барып екпе жасауда

Егу бекеттерінде адам қарасы қалың. Металлургтердің айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өзінің ауқымдылығы жағынан үлкен жұмыс орны, мұнда күн сайын мыңдаған адам еңбек етеді. Сондықтан, вакцина вирустан қорғайтын жалғыз амал-дейді жұмыскерлер.

Николай ЛЕОНТЬЕВ,  жүргізуші:

- Мен алғашқылардың бірі болдым. Себебі адамдардың қауіпсіздігі, алғашқы орында. Мен осында, бірінші болып вакцина салдырған жандардың бірімін.

Компания қызметкерлеріне Спутник-V екпесін Теміртау қаласындағы бірінші емхана дәрігерлері  салып жатыр. Вакциналау пункті металлургия кәсіпорнының аумағында орналасқан. Бұл өз кезегінде жұмыскерлердің уақытын  үнемдейді.

Еріктілер вакцинаның алғашқы компонентін салғызды. Сәтін салса, 21 күннен кейін екіншісін алады. Екпеден кейін,  медициналық тексеру міндетті түрде  жүргізіледі.  Бүгінде алып компанияның  9000 адамына екпе жасалыпты. Бұл мыңдаған ұжымның үштен бірі деуге болады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар