ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕТАЛЛУРГТЕР КОМПАНИЯСЫ БАЛАЛАРҒА СЫЙ ЖАСАДЫ

21:48, 12 қаңтар 2022

Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмін Қарағанды облысының жас спортшылары кинотеатрдан көрді. Билеттерді «Арселлормиттал Теміртау» компаниясы сыйға тартты

Лондон олимпиадасының алтынын алған, Баркер кубогінің игері Серік Сәпиевтің  спорттық мансабы жас спрортшыларға жігер беретініне сенімдіміз дейді ұйымдастырушылар.

Сыйға тартылған билеттердің бір бөлігі жаңа жылға дейін таратылып, отандық киноны 20 шақты бала көрген.  Жаттықтырушы мен спортшылар демеушілерге өз алғысын білдірді.

Ислам АБДРАИМОВ, жаттықтырушы:

- Бала жаттықтырып жүргеніме бес жыл өтті. Нәтиже бар. Шәкірттерімнің арасында ел біріншіліктерінің чемпиондары көп. Қарағанды бокс, кикбокс секілді спорттық жекпе-жек түрінен әрқашанда алда. Әрі қарай да еңбек етеміз. «АрселлорМиттал Теміртауға» алғыс білдіреміз. Балаларға бұл біршама күш-қуат, жігер беретіні анық. Біздің қаламыздан мықты спортшылар шыға берсін деп тілеймін.

«Боксер» фильмі жөнінде бір қызықты дерек: туындының бірнеше эпизоды «Абай» шахтасында түсірілген. Даңқты боксшының әкесі Жұманғали Сәпиев дәл сол шахтада еңбек еткен.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...