ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕШІТ ЖАНЫНАН ХИДЖАМА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

15:34, 25 қараша 2021

Облыстық Әнет баба мешітінің жанынан хиджама орталығы ашылды. Оны «Ана мама» қоры ашып отыр. Арнайы сертификаты бар білікті мамандар хиджамадан бөлек массажды да жасайды

Бұл орталық кейінгі технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Мамандар да сертификатталған. Бұл жердегі дәрігерлер әр жұма күні мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін ем массаж жасайды.

Жәния, массаж маманы:

-Хиджаманың пайдасы - бойдағы ауруды ғана алмай, иммунитетті жақсартады. Әр жұма сайын бізде мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін массаж жасалады. Көпбалалы отбасыларға да көмектесеміз.

Хиджама – ежелгі дәстүрлі медицинаның бір түрі. Бұл емнің мақсаты – адам ағзасындағы ет пен терінің арасындағы арам қанды шығару. Аталған процедура аурудың түрі мен диагнозына байланысты жасалады екен.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, облыстың бас имамы:

-Бұл орталықтың мақсаты - мұқтаж жандарға тегін көмек көрсету. Хиджаманы білеміз. Бұл көптеген аурулардың емі. Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын )сүннетінен қалған. Пйғамбарымыз дәл осы әдіспен ауруларды жазған. Сол сүннеттің аясында осы орталық мешіттің жанынан ашылып отыр.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...