ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТЕАТР МАУСЫМЫ

10:31, 9 шілде 2021

Станислав атындағы орыс драма театры 90-шы мерейтойылық маусымын жапты. Дәл осы күні театр ұжымы Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс – бір дауыс» халықаралық фестиваліне қатысып келді. Қарағандылық өнерпаздар онда «Fedra. Ойын!» ежелгі трагедия қойылымын көрсетті. Мерейтойлық жабылу салтанатында театрсүйер қауымға тағы қандай тосынсыйлар ұсынылды

Елдегі ахуалға қарамастан театр ұжымы 90-маусымда да көрермен қауымға ерекше қойылымдарымен ерекше әсер қалдырды. Мерейтойлық жабылу салтанаты алдында театр ұжымы  халықаралық фестивальден оралды.  Түркітілдес театрлардың басын біріктірген фестивальге аталмыш өнер ордасы қазақстандық  8 театр ішінен таңдалып алыныпты.

Дунай ЕСПАЕВ,  К.Станиславский  атындағы орыс драма театрының  басшысы:

-Халықаралық «Мың тыныс - бір үн» деген халықаралық театр фестивалінде өте үлкен іріктеуден өтіп, театрлардың фестиваль афишасына ендік. Одан өте жоғарғы деңгейде ойынымызды ойнап, түрік халқының ықыласына бөленіп келген жайымыз бар. Біз осы маусымда қандай қойылымдарды жоспарладық, соның  барлығын ойнадық. Енді қалған үш премьера  бар, ол жыл соңына дейін ойналып бітеді.

Мерейтойлық жабылу салтанатында дәстүрлі «Алтын Олимп» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.  Биыл  5 номинация  бойынша жүлдегерлер марапатталды. «Театр маусымының алтын қаламы»  аталымында өнер ұжымы туралы үздік мақала иегері марапатталды.  Бұдан бөлек,  «Үздік көрермен», «Үздік әйел рөлі»,  «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік екінші  пландағы рөл» аталымдарының иелеріне естелік сыйлықтар мен статуэт табысталды.

Мерейтойылық жабылу салтанаты А.Островскийдің "Бальзаминовтың үйленуі" комедиясымен жалғасын тапты. Театр ұжымы жаңа маусым да жағымды жаңалықтарға толы болатынына сенімді. Театр афишасында жас режиссер  Фархат Молдағалиевтің  спектакльдері көрерменге жол тартады.  Талантты режиссерлермен жұмыс істеу әртістердің кәсібилігін арттырады, дейді театр басшылығы.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...