ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2021»

16:08, 6 қыркүйек 2021

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Осыған орай Достық үйінде өңіріміздің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Іс-шара онлайн форматта өтті. Конференция залына тек жүлдегерлер мен жеңімпаздар жиналды. Ал аймақтың қалалары мен аудандарының өкілдері ЗУМ платформасы арқылы қатысты. Марапат иелерін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын құттықтады.

Ерлан ҚҰСАЙЫН,  Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының жетекшісі:

- Бүгін бізді өте жарқын мереке – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары жинады. Өздеріңіз білетіндей, «Мерейлі отбасы» байқауы Тұңғыш Президентіміз - Елбасының бастамасымен құрылған. Қавзір 7 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында бұл байқауға 200-ден астам отбасы қатысты.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Косолаповтар отбасы. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 300 жылдан асады. Олар Шахтинск қаласының тұрғындары. Ендігі жерде жеңімпаз жанұя облыстың намысын республикалық байқауда қорғайтын болады.

Людмила КОСОЛАПОВА, байқау жеңімпазы: 

-Бізді кеншілер әулетінің өкілдері ретінде кәсіпорын басшылығы шақырды. Біз 4-ші буындағы кеншілерміз. Біздің жалпы жұмыс өтіліміз 365 жылдан асады. Қазіргі уақытта Шахтинск қаласының көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында біздің отбасымыздың 10 мүшесі еңбек етеді. Біреулер зейнеткерлікке шықса, енді біреулер олардың ісін одан әрі жалғай беретін болады. Байқау жеңімпазы атану үлкен мәртебе, өте қуаныштымыз.  

Байқау шарты бойынша барлығы 4 орын берілді. Екі отбасы үшінші орынды өзара бөлісті. Әр жүлдегерге грамоталар, естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Жеңімпаздарға тұрмыстық техникалар сыйға тартылды.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...