ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«МЕНІҢ ЕЛІМ - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЕЛІ»

16:27, 14 қазан 2021

18 қазан күні Қазақстанда рухани келісім күні аталып өтеді. Айтулы күнге орай Назарбаев зияткерлік мектебінде "Менің елім - бейбітшілік пен келісім елі" тақырыбында эссе жазу бойынша шығармашылық байқау өтті. Шығармашылық сайыста топ жарғандар салтанатты түрде марапатталды

"Менің елім - бейбітшілік пен келісім елі»  шығармашылық байқауы Назарбаев зияткерлік мектебі мен дін істері басқармасының бірлескен жобасы. Осымен 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан шара балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған. 

Дулат  ХАЛЕЛ,   облыстық дін істері басқармасының басшысы:

-  Ұлтаралық келісімді бүгінгі күні біз көріп отырмыз. Конфессиялық қатынсатарға келетеін болсақ, жалпы республикамызда 17 конфессия  өкілдері қызмет атқарса, соның 15-і Қарағанды облысында. 300-ден астам  діни бірлекстіктер осы жақта қызмет атқарады. Оны өздеріңіз де көріп жүрсіздер. 100-ден астам ұлт өкілдері бар. Әрбір ұлттың, әрбір  конфессияның сенімі бар. 

Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтті. Талап  бойынша  қатысушылар тақырыпты жан-жақты зерттеп, зерделеуі керек. Жазылған эсселерге оқу орындарының педагогтері, дін істері басқармасының өкілдері   баға беріп, қазылық етті. Жүзден жүйрік шыққандардың бірі Айгерім Жаркешова. Шығармасында тарихты тереңнен қозғап, патриоттық рухты  ерекше елеген. Зейінді жас ізденуге жаны құмар екенін айтады. Болашақта халықаралық қатынастар саласында еңбек етуді мақсат тұтқан. Себебі, Отанының елеулі азамтшасы болып, еліміздің  абыройын асқақтатуға атсалыссам деген арманы да бар.   

Айгерім ЖАРКЕШОВА, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы:

- Эссені жазу барысында мен өзімді патриот ретінде сезіндім. Бұл эссені жазуда әрине жүрегімнен шыққан шынайы ұстанымдарымды, құндылықтарымды көрсетуге тырыстым. Эссені бір күн ішінде жазуға тырыстым, себебі тоқтаусыз барлық ойларымды жаздым.

Сайыста жүлделі орынға ие болғандарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

.Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...