МЕМОРОНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

10:41, 5 ақпан 2021

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен мәдениет және спорт министрлігі меморандумға қол қойды. Онлайн өткен «Парасат жолы» жобасына республиканың барлық аймақтарындағы кітапханалары байланысқа шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әріптестік орнату  бүгінгі күннің басты мәселесі. Сол себептен парақорлықтың  алдын алу мақсатында бірнеше жобалар ұйымдастырылып жатыр. Осы орайда «Адалдық алаңы» жобасының аясында осы шара ұйымдастырылды.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ:

- Жергілікті жерлерде, ауыл қаладағы барлық кітапханалардың жүйесі арқылы осы бір парасаттылық жолын жасау бүгінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің негізгі басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғамдағы зиялы қауымды осы парасаттылық жолы жобасына тарта отырып қоғамдағы аса ең ауыр дерт сыбайластықпен жемқорлықпен күресу.

Зум платформасы арқылы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және еліміздің барлық аймақтарынан зиялы қауым өкілдері байланысқа шықты. Олар бұл орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңызды жобалардың бірі екенін дәлелдеп өтті.

Осы уақытқа дейін жемқорлықпен күрес жолында бірнеше бастамалар ұйымдастырылған. Соның бірі «Адалдық алаңы». Өңірде бұл жобаның жұмыс істеп жатқанына 3 жыл болған. Осы уақытқа дейін бірнеше жемқорлықтың алдын алған.

Олжас БҰРҚАНОВ, «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасының үйлестірушісі:

-2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері әлде қайда азайған. Мәселен жергілікті атқарушы органдар арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері 39 пайызға жауапқа тартылғандардың саны 27 пайызға азайған.

«Парасат жолы» орталығының міндеті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау. Осы мақсатта кітапханалармен тығыз байланыс орнатып, түрлі іс-шаралар өткізу діттелген. Сонымен қатар, адами қасиеттерді және парасат идеологиясын жалпы қоғамға түсіндіріледі.

Олжас БҰРҚАНОВ, «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

- «Парасат жолы» жобасы бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру деген мақсатқа жету үшін құрылды.

Жиын соңында мәдениет және спорт министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзара меморандумға қол қойды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...