ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕМОРАНДУМ МАҚСАТЫ – ТҰРАҚТЫ БАҒА

15:54, 21 қазан 2021

Ақтоғай ауданы әкімдігімен көптеген кәсіпкерлер арасындағы меморандум бағаның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді. Келелі келісімнің арқасында Шашубай кентіндегі шағын маркеттегі азық-түліктің құны базар бағасынан 15-20 пайыз арзан

Ақтоғай аудандық әкімдігі мен  Шашубай кентіндегі «Қазына» шағын маркеті арасында меморандум жасалған. Әлеуметтік дүкенде базар құнынан төмен бағамен алуан түрлі азық–түлік  сатылады. Осылайша тұтынушылар үшін тиімділігі теңдесіз келісім тауар бағасын тұрақтандыруға жол ашты.

Өнербек ҚОЖАХМЕТОВ, жеке кәсіпкер:

-Бізде әкімдікпен бекітілген келісім бар. Азық–түліктің 19 түрі әлеуметтік бұрыш сөрелерінде қаптап тұр. Тауарды арзан бағамен сатамыз. Клиенттері өте көп. Басым көпшілігі ауыл тұрғындары. Кентімізде саудамыз қызу жүріп тұр.

Кенттегі дүкеннің сөрелерінде самсап тұрған тауарлар құны қолжетімді. Бағаны тұрақтандыру мақсатында Ақтоғай ауданында 93 кәсіпкермен меморандумға қол қойылған. Солардың бірі Өнербек Қожахметов. Оның жеке кәсіпке бет бұрғанына 7 жылдың жүзі болыпты. Бизнесінің тасын өрге домалатқан азамат тұрғындарға сапалы азық-түлік сатумен айналысады

Өнербек ҚОЖАХМЕТОВ, жеке кәсіпкер:

-Тауарды арзан бағамен сатамыз. Клиенттері өте көп. Басым көпшілігі ауыл тұрғындары. Кентімізде саудамыз қызу жүріп тұр.

Ал Шашубай кентіндегі шағын маркеттен Қарлығаш Бөлебаева азық-түлік сатып алады. Себебі мұндағы тауарлардың бағасы нарық құнынан 15-20 пайызға төмен, - дейді тұрақты тұтынушы.

Қарлығаш БӨЛЕБАЕВА, Шашубай кентінің тұрғыны:

-Біз осы дүкеннен азық–түлік жиі аламыз. Тауарлардың бағасы қолжетімді. Мұнда бәрі бар. Сапасы өте жоғары.  Тіпті тауарды үйімізге дейін жеткізіп береді.

Әзірге Ақтоғай ауданында азық-түлік құны тұрақты, әрі тиімді екенін айтады, сала мамандары. Жаңа сойылған сиыр етін де алысқа сабылмай, осы жерден табасыз. Қысқасы бұл межелі меморандумның жарқын көрінісі, айқын айғағы деп отыр жергілікті тұрғындар.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...