ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕНІҢ ТІЛІМ

11:42, 26 қараша 2021

«Мен мемлекеттік тілде қызмет көрсете аламын». Дәл осылай Теміртау қаласындағы сауда үйлерінің қызметкерлері мемлекеттік тілге үйретуде. Айта кету керек, оқу курстары сауда нүктелерінде тегін жүргізіледі

Мұндай курстар биыл жаз мезгілінде басталыпты. Қазіргі уақытта бұл игілікті шара өз жалғасын табуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауда саласындағы қызметкерлердің тіл үйренуге деген қызығушылығы басым. Осындай курстар құрышты қаланың 5 сауда үйінде  өтуде. Қазір,70-ке жуық оқушы 6 топқа бөлініп мемлекеттік тіл меңгеруде. Бағдарламаның тиімділігі, кәсіпкерлер мемлекеттік тілді жұмыс орнынан шықпай-ақ білуге толық мүмкіндік алған.

Меруерт АХМЕТЖАНОВА, Теміртау қаласының тілдерді оқыту орталығының жетекшісі:

- Бұл курстардың мақсаты-сауда үйінің қызметкерлері қазақ тілінде қызмет көрсетуге  толық мүмкіндік  алады.Алайда, тілек білдірушілер саны күн санап артуда. Олар мемлекеттік тілді меңгеріп оны күнделікті өмірде қолданғысы келеді.

Бұл сауда үйінде қазірде 2 топ дәріс алуда. Курс 1 айға созылған. Алайда, оқу аяқталғаннан кейін қазақ тілін үйренгендер орталықтың өзінде сауда қызметін одан әрі жалғастыра береді. Жауаптылар айтукынша,олар  үш ай бойы   тегін оқып, мемлекеттік тілді меңгеруге толық мүмкіндік алады.

Лариса МАЛЫШКО, дәріс алушы:

-Қазақ тілінде сөйлеуге үйрене отырып оның мағынасын жете түсінеміз.  Тілдерді дамыту орталығына алғыс айтқым келеді және осы жақсы істі одан әрі жалғастыра берсе деймін. Өйткені, біз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.  Оның тілі мен дәстүрін құрметтеу парызымыз.

Бұл жоба осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Алайда, сауда үйлері қызметкерлері мен сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан бұл курстарға деген қызығушылық өте жоғары екенін атап өткен жөн. Сондықтан бұл үрдіс одан әрі жалғасын таба береді деген сенімде.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...