ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

12:47, 4 маусым 2021

Сан салада қалытқысыз қызмет қылып, еңбегі еленген қарағандылықтар мемлекеттік рәміздер күні алғыс хаттармен марапатталды. Облыс әкімдігінде "Елбасымен еңселі, әнұранмен айбынды, туымен тұғырлы" атты дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібеков, сондай-ақ "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары қатысты. Жиналғандарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құттықтады.

Абзал НҮКЕНОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің атынан Қарағанды облысының барлық тұрғындарын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Биыл біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз, бұл да бәріміз үшін маңызды күн. Осы жылдар ішінде біз егеменді мемлекет ретінде әлемдік дәрежеге қол жеткіздік. Туымыз әлемдік ареналарда сан мәрте желбіреді

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде мемлекеттік рәміздер ел имиджінің ажырамас бөлігіне айналды. Өскелең ұрпаққа Ту, Елтаңба және Әнұран арқылы патриотизм сезімін дарыту қажет, - деп есептейді Жандарбек Мәлібеков.

Жандарбек МӘЛІБЕКОВ, Елтаңба авторы:

-Біздің мемлекеттік рәміздеріміз көп жылдар бойы бостандыққа қол жеткізген ата-бабаларымыздың үмітін бейнелейді. Елтаңбаны жасауда Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың да үлесі бар. Дауыс беру кезінде кейбір депутаттар елтаңбадағы жұлдызға қарсылық білдірді. Сол кезде ол жұлдыз жарқырауды бейнелейтінін айтып, ата-бабаларымыздың "Жұлдызын жарқырай берсін!" деген батасын еске алып, ырымдаған бллатын. Сондықтан Қазақстанның жұлдызы ешқашан өшпесін!

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары да елімізді мақтан тұтатынын айтып, сезімдерімен бөлісті. Дәрігер Дарын Әбілжанов медицина қызметкерлерінің атынан сөз сөйлеп, халқына қызмет етуге дайын екендерін атап өтті. Ал Арыстан Әбілдин еліміздің шығармашылық адамдарын шетелдерде де  құрметтейтінін атап өтті.

Арыстан АБИЛЬДИН, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы:

- Мен Тәттімбет атындағы өнер колледжінде барабан сыныбы бойынша 3-курста оқимын. Менің әкем де барабаншы болғандықтан, мен оның ізімен жүруді шештім. Жақында Мәскеуде болып, өз шығармашылығымен айналыса бастадым. Қазақстаннан шыққан шығармашылық адамдарымызға өте жылы, құрметпен қарайтындарын мақтан тұтатынмын.

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар марапатталды. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарына Мемлекеттік рәміздері бар кәдесыйлар табыс етілді. Ал тағы төрт қарағандылық алғыс хаттармен марапатталды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар