ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

16:09, 4 маусым 2021

4-маусым Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Осыған орай, Қарағанды қаласының бір топ жастары флешмоб ұйымдастырды

Мерекелік іс-шара әнұран орындаудан басталды. «Жас отан» жастары қолдарына ту ұстап, қала көшелерін аралады. Тұрғындарға «Қазақстан» деген кәмпиттер мен көк ту жалаушаларын сыйлады. Сондай-ақ, «Қарағанды» қонақ үйінің терезелері мен балкондарына мемлекеттік рәміз - ту ілінді.

Мәдина ҚАЙРОЛЛА, ерікті:

-4 маусым мемлекеттік рәміздер күні. Елдігіміздің дербес мемлекеттігіміздің символы болған елтаңба, ту, әнұранның маңызы зор. Біз Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде елімізді мақтан тұтамыз. Елімнің патриоты болғым келеді.

1992 жылдан бастап, 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді. Өз алдына дербес республика болып қалыптасуда, мемлекеттік нышандардың маңызы зор. «Ал бүгінгі күні жастар арасында насихаттап, ұлттық рухқа үн қосу басты мақсатымыз», - дейді ұйымдастырушылар

Ләззат АҚЫЛЖАНОВА, Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Енді Қарағанды қаласында осы флагштобтың қасында өздеріңіздер білесіздер. Осы Қарғанды қаласында осындай туымыз желбіреп түлеген бір орын.Ең  үлкен флагштоб болып есептеленеді.Сондықтан,Жас Отан Жастар Орталығымен бірлесе отырып, осындай бір уақытта бір минутта деп есептеуге болады.

Айта кеткен жөн айтулы шара барысында барлық санитарлық талаптер ескеріліп, 15-ке жуық жастар қатысты.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар