ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

11:51, 23 қыркүйек 2021

Қарағанды облысында алғаш рет мемлекеттік қызметшілер жобалық менеджмент стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті. Бұл сынақтан сүрінбеген мамандар ендігіде мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, ұлттық жобаларды қадағалау мүмкіндігіне ие бола алады

Жобаларды басқарудың ұлттық стандарты бойынша сертификаттаудың алғшқы легінде облыс бойынша 32 мемлекеттік қызметші қатысты. Сынақ тапсырушылар 1 сағат 20 минут ішінде 60 сұраққа жауап беруі  тиіс. Тесттің 70 пайызына дұрыс жауап берген үмітркелерге арнайы стандарттағы сертификаттар табыс етіледі. Мұның жарамдылығы 5 жыл.  

Серікжан БАЙБОСЫНОВ,  ҚР Президентінің жанындағы   мемлекеттік басқару академиясы  ҚОФ директоры:

-Мемлекеттік қызметшілер үшін бұл сертификат маңыздылығы - қазіргі таңда  барлық мемлекет саласында жобалық  басқару тәсілдері  енгізіліп жатыр.  Сондықтан мұндай сертификатты  иеленген мемлекеттік қызметшілердің біріншіден кәсіби деңгейі жоғарылайды. Екіншіден бұл азаматтар осы жобалық  менеджментпен айналысуға рұқсат  берілген тұлғалар.

Жобалық менеджментті мемлекетті басқару жүйесіне еңгізу тәсілін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа жолдауы барысында  атап өткен болатын.  Ендігіде сертификатқа ие болғандар мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, ұлттық жобаларды басқару құқығына ие болады. Осылайша кәсіби жобалық менеджерлердің жаңа легі қалыптасады, дейді жауаптылар.  Жанболат Төребаев Шахтинск қаласындағы құрылыс бөлімінде сектор меңгерушісі лауазымын атқарып келеді. Мемлекеттік саладағы еңбек өтілі 5 жыл.  Бұл жаңашылдықтың тиімді тұстары көп, әсіресе ауқымда жобаларды  жүзеге асырғанда қыр-сырына қанық боламыз дейді.

Жанболат ТӨРЕБАЕВ,  Шахтинск қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:

-  Қазіргі  осы тапсырып жатқан сертификаттау  көбінесе  қазіргі таңда ҚР-дағы құрылыс саласында да маңызы зор. Мен өзім  құрылыс бөлімінде істеген соң, бұл өте өзекті  және қазіргі таңда  өте керек дүние.  Жастар осындай жобаларды  жақсы басқаруға  бағытталған. Нағыз керек.

Бұған дейін қатысушылар алдымен бір апталық онлайн курстан өткен. Алдағы уақытта мұндай сертификаттау шарасы кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. 

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...