ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МӘЙІТТІК ДОНОР ҚАЖЕТ

12:13, 22 қыркүйек 2021

Облыс бойынша бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 600-ден астам науқас бар. Оның 300-іне донор қажет. Ал мамандар мұндай ауруға ең тиімді жол мәйіттік донация екенін айтады

Қаладағы диадериум гемодиалез орталығында 200-ден астам науқас ем алуда. Олардың басым көпшілігі бүйрек жетіспеушілігіне шалдықққандар. Солардың бірі Ермек Нұраділов. Қазір 33 жаста. 23 жасында екі бүйрегі бірдей ауыра бастаған. Бүгінде гемодиалез аппаратына тәуелді. Аптасына 3 рет, 4 сағаттап, осында ем алады. Анасының айтуынша, баласының халі жылдан-жылға нашарлап барады.

Бикен НҰРАДІЛОВА, науқастың анасы:

-Балам жап-жас, нағыз отбасын құрып, өсіп-өнетін жаста. Алайда, денсаулығы осындай болды. Екі бүйрегі бірдей ауырады. Балама көмек ретінде донор табылса деймін. Кезекте тұрғанымызға 7 жыл болды. Туыстық донор бойынша, өзім және ағасы екеуміз келісіп едік. Алайда, біздің қан тобымыз сәйкес келмеді. Енді бар үмітіміз мәйіттік донация болса дейміз.

Республика бойынша 3 жарым мың адам гемодиалез аппараты арқылы ем алады. Олардың 300-ге жуығы жүрек, өкпе болса, қалғандары бүйрек жетіспеушілігімен ауыратындар. Мамандар осы санаттағы дерттің қатары жыл санап көбейіп жатқанын айтады. Мұның  жолын кесудің ең тиімді жолы - мәйіттік донация екен. Алайда, біздің елде бұған түсінік дұрыс қалыптаспаған дейді.

Салтанат СӘРИЕВА:

-Мұсылман елдерінің көбісі бұған діни жағынан дұрыс қарайды. Неге мәйіттік донацияға көзқарас дұрыс емес. Меніңше заңдастыру қажет. Мен түсінемін, әркім өз жақынын қимайды. Бірақ, басқа адамдарға өмір сыйлау біздің адами қасиетіміз. Өйткені, күніне қанша адам осы аурудың құрбаны болып көз жұмуда. Ал туыстық донор көп жағдайда сәйкес келмейді.

Дәрігерлер мәйіттік донор мәселесі шешілсе, құба-құп болар еді дейді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...