МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

10:58, 19 ақпан 2021

Өткен жылы міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалына 30 мыңнан астам ұсыныстар мен өтініштер келіп түкен.Тұрғындарды осы мәселеге қатысты тағы қандай сауалдар толғандырады? Осы сан-салалы сұрақтарға арнайы брифинг барысында жауап қайтарды

Халықпен  кері байланыс орнату үшін сақтандыру қоры бірыңғай байланыс орталығы 1406, «Goldau 24/7», «Sagtandyru-bot» мобильді қосымшасын және «fms.kz» қорының ресми сайтын іске қосқан. Онда  тіркелу жолдары мен қор мүшелерінің құқықтары жайлы жан-жақты толыққанды ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жұмыссыздар  үшін уақытша тіркелу жолдары да,айтылған.Орта және  шағын бизнес өкілдерін Карантин шектеулері  кезінде арнайы жарна төлеуден босату жағдайлары да қамтылған.  

Жанар РАҚЫШЕВА, медициналық сақтандыру қоры филиалы  бөлімінің  бас сарапшысы:

-Халыққа медициналық ұйымдар мәртебесіне қарамастан қызмет көрсетіліп келеді. Алайда, 2020 жылдың 1-шілдесінен барлық медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі.

Бірқатар жұмыс берушілер   өз қызметкерлері үшін  сақтандыру қорына  жарнаны уақытылы аудармайды екен. Бұл ретте оларға белгіленген тәртіпке сай шаралар  қолданылады. Сарапшылар медициналық сақтандыру қорына қаржы аудару  зейнетақы төлемдері сияқты міндетті екенін айтады. Аймақта 52 жарым мың жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін жарналар мен арнайы ақша аударымдарын  уақытылы төлеген.

Жанар РАҚЫШЕВА, медициналық сақтандыру қоры филиалы  бөлімінің  бас сарапшысы:

-Шетелде оқитын студентерді тіркеу бойынша сервистік қызмет көрсетіледі.Сол бойынша оқу орнының анықтама қағазы мен жеке куәлік арқылы дәлелдейді.

Егер шетелден келген азаматтардың бойында  басқаға зиян әкелетін   сырқаты болса,онда оларға медициналық қызмет  тегін көрсетіледі.Басқа жағдайларда ақылы түрде  жүзеге асатыны айтылды.Жұмыс берушілер тарапынан  ақша қаражатын шатасып басқа қорға аудару сияқты фактілер  орын алған.Оны кері қайтарып алу жолдары да, түсіндірілді. Ол  үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш білдіру қажет, екен. Ал  ПТР тестілеуіне кететін шығын  медициналық сақтандыру қоры арқылы тек жекелеген санаттары үшін төленеді.

Жанар РАҚЫШЕВА, медициналық сақтандыру қоры филиалы  бөлімінің  бас сарапшысы:

-Біздің жеңістеріміздің бірі , студенттерге қолдау көрсету. Қазіргі каранин уақытында да, ол жалғасын табуда.  Бұл бір жағынан тиімді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:35, 5 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...