ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ

16:33, 22 қазан 2021

«Тәуелсіздік ұрпағы» бейнематериалдар циклының келесі кейіпкері – қарапайым жұмысшыдан театр және кино әртісі атанған Ардақ Жарқынбеков. Ол Серәлі Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының актері. Шығармашылық жолындағы небәрі 10 жылда 30-дан астам рөлді сомдаған. Қоржынында Шыңғыс хан, Бейімбет Майлин сияқты тұлғалардің персонажы бар

Серке театрында премьера – «Жұт» спектаклі. Басты рөлдердің бірінде өнер ордасының әртісі - Ардақ Жарқынбеков. Өткен ғасырдағы зұлмат жылдар жайлы сыр шертетін спектакль жаңа форматта, мәскеулік режиссердің заманауи көзқарасымен қойылды. Жалпы кейіпкері  ұнасын - ұнамасын, режиссердің айтқысы келген сәлемдемесін көрермен жүрегіне жеткізу  – актердің шеберлігін айқындайды, - дейді ол.

Ардақ ЖАРҚЫНБЕКОВ, С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі:

-        Ең алғашқы спектаклім «Ауған қасіреті» деген спектакльде массовкада солдаттың рөлі бұйырды. Енді сахнаға шыққанда жүрегім қобалжып, аузыма тығылды. Бір шықтым, екі шықтым, үш шықсам да қобалжыдым. Ең ақырында ләззат ала бастадым. (кесіп жалғау керек) Сахнаға поклонға шыққанда біз рахаттанамыз. Сол бір сезім ештеңеге тең келмейді. Халықтың алғысын алған кезде рахатқа бөленеміз. 

Тәуелсіздік алған жылы Ардақ небәрі 1 жасқа толған балдырған еді. Бүгінде Серке театрының белді актері. Бейнесі де, болмысы да салмақты. Образына сай көбіне тарихта ойып тұрып орын алған батыр, көсем, басшылардың рөлі жиі ұсынылады екен. Репертуары да бай. Бейімбет Майлин, Шыңғыс хан, Күнту, Тарғұлтай сияқты 30-ға жуық кейіпкерді сахыналапты.   

Ардақ ЖАРҚЫНБЕКОВ, әртіс:

-        Біздің миссиямыз, біздің Тәуелсіздікке беріп жатқанымыз, мәдениет майдангері, руханият жауынгері дейді ма бізді, сол өзіміздің образымызбен, біздің сомдап жатқан рөлімізбен насихаттап, болашақ ұрпақты тәрбиелеу - сол шығар біздің Тәуелсіздікке беріп жатқанымыз.  

 Тәуелсіздік ұрпағы киноға да шақырту алып жүр. Өнері жоғары бағаланып, «Алтын қобыз», «Тұлға» сыйлықтарына лайық танылды. Ал 10 жыл бұрын театр табалдырығын алғаш рет өнерге еш қатысы жоқ қарапайым жұмыскер ретінде аттаған екен. Жалындап тұрған жастың бойынан ұшқынды байқаған халық әртісі, Серке театрының негізін қалаушылардың бірі - Досжан Жанботаев болатын.

Кенжетай ӘБІЛДИН, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі:

-        2011 жылы Досжан ағамызға барып, ол кезде Досжан ағамыз көркемдік жетекші еді. Сөйтіп ол ана жақтағы дипломын алып, Досжан ағамыз ертіп апарып, актерскийға тапсырды. Сөйтіп 2013 жылы бізге актер боп келді. Ардақ жақсы актер. Серке Қожамқұловтың сөзі бар ғой «Өнер деген сыр сандық, оның сыры ішіндегі асыл қазынасында» деген. Ардақтың өзінің асыл қазынасы, сыр сандығы бар. Әр рөлінде ода өсу процесі бар. 

Бүгінде кейіпкерім танымал әртіс, сүйікті жар, аяулы әке. Сұхбат барысында біраз жоспарымен де бөлісті. Барлығы Серке театрымен байланысты. Қанша ұсыныс түссе де, бағы мен бақыты санайтын киелі қара шаңырақтан  кетпейтінін айтып қалды. Көп арманының бірі, әрі бірегейі - бабамыз Бейбарыс сұлтанның рөлін сомдау. 

Айзада ОРАЗХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...