ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МАҢЫЗДЫ ЖОБА – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

12:16, 22 қазан 2021

Балқаш қаласында «Бертіс» шығанағы бойынша маңызды жоба жүзеге асырылуда. Тың бастама мысты шаһарды абаттандыруға ғана серпін беріп қоймай, туристік кластерді даңғыл динамикамен дамытуға жол ашады. Өңірге өң беріп, көкше көл жағалауын көркейтуді көздеген жоба жайлы біздің түсіру тобымыздан естіп білейік

«Бертіс» шығанағы бойынша бірегей жоба Балқаш қаласын өркендетуге мол мүмкіндік беретіні анық, - дейді құрылыс бөлімінің басшысы. Бірінші кезекте бастама туризм саласына тың серпін береді. Екіншіден шаһардың шырайын, көкше көл жағалауының көркін кіргізуге септігін тигізеді дегенге саяды.

Саятбек МУСИН, Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Қазір инфрақұрылымдар жүргізіп жатырмыз.Қазіргі кезде 1 километр 200 метр кәріз құбыры жүргізіледі.Және де 1 километр 100 метр  су желісі тартылады. Бұл үлкен жоба биыл басталып,келер жылы аяқталады. Ал 2022-23 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Маңызды жобаның жалпы құны 3 миллиард теңгені құрайды. Мысты қаланың игілігіне бағытталған бастама үшін 61 гектар жер берілген. Мұнда инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылым желілері тартылады. Бұл аумаққа 9 километр электр желісі жүргізіліп, 3 станция салынады. Ал электр жабдықтарымен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 374 миллион теңге қарастырылыпты.

Саятбек МУСИН, Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Бұл қосалқы электр станциялары жақын жерден ток алу үшін мүмкіндік береді.Әзірге 4 километр электр желісі тартылды.Станциялардың іргетасы  құйылып, дайын тұр.Осы аумаққа балалар мен спорт алаңдары салынады.Велосипед жолы салынады.

Мәселен мына көл жағалауындағы 9 гектер жер бизнесмендердің қолданысына беріледі. Кәсіпкерлер демалыс орындары мен тамақтану орындарын тұрғызатын болады.Ажары ашылатын аумаққа жаяу жүргіншілер үшін тротуар төселеді.Балқаш көлі жағалауы мен жобалық сметалық құжатта көрсетілген жер абаттандырылады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...