ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

16:41, 4 қазан 2021

Қарағанды облысында жылыту маусымы басталды. Алайда тұрғындар пәтерлері әлі де салқын екенін айтып шағымдануда. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек әрбір өтінішті жедел шешуді және проблемаларды жоюды талап етті

Қарағанды, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск қалаларында және облыстың барлық тоғыз ауданында жылу берілген. Балқаш пен Приозерск қалаларында жылу беру маусымы 10 қазаннан басталады деп жоспарлануда. Энергетика және ТКШ басқармасы мамандарымен күн сайын мониторинг жүргізілуде.

Ұлантай ҮСЕНОВ,   энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Жылыту маусымы басталғалы бері барлық ақаулар жөнге келтірілуде. Бүгінгі таңда 4545 тұрғын үй мен 1084 әлеуметтік сала нысандары жылуға қосылған. Барлық жағдайды жіті назарда ұстап отырмыз.

Облыс орталығы бойынша 11 үй жылусыз қалып отыр. ПИК ақауларды жоюмен айналысуда. Жеңіс Қасымбек жауаптылардың жұмысын сынға алып, жылуға қатысты әрбір шағымды жедел шешуді талап етті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі:

-Шағымдар көп. ПИК жұмысын бақылау керек. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері әрбір мәселені жіті тексеру керек. Тұрғындар үшін жылыту жүйесінде еш мәселе болмауы тиіс.    

Сан жылдар бойы өткір мәселе болып келген Шахан кентінде жылу беруге жаңа қазандық дайын. 10 қазанға дейін тұтынушыларға жылу толықтай берілмек. Аппараттық жиында Қарағанды облысында су бөгеттерін жөндеу және салу бойынша жобалар да талқыға түсті. Өңірде 262 гидротехникалық құрылыс жұмыс істесе,  оның 44-і коммуналдық меншікте.

Әсет ТАЗАБЕКОВ,  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

-Осы жылдың маусым айында Абай ауданының «Топар» бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта облыстық бюджет қаражаты есебінен Шалғы және Саран су қоймаларын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды іске асыру 2022 жылға жоспарланған.
Мысалға, Бұқар жырау ауданында суару жүйесінің құрылысы жоспарлануда. Жобаны іске асыру Шешенқара ауылдық округіндегі 1200 га жерді суаруға мүмкіндік береді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...