МАНДАТ ПЕН МІНДЕТ

15:54, 15 қаңтар 2021

Бүгін Қарағанды облыстық мәслихатының жетінші шақырылымдағы бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Онда халық қалаулыларының жаңадан сайланған құрамы таныстырылып, депутаттардың атқарылатын істері мен жоспарлары пысықталды. Ал, облыстық мәслихаттағы депутаттардың алпыс пайыздан астам құрамы жаңадан жасақталды. Халық қалаулыларының алға қойылған межелері мен міндеттері жөнінде әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы баяндайды

Облыстық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында алдымен Ерқара Аймағамбетов оныншы қаңтарда өткен сайлаудың мәні мен маңызына тереңнен тоқталды. Аймақтың аудан, қалалары барынша серпін танытқан. Өз кезегінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтарға риясыз алғысын білдірді. Ал, аймағымызда сайлау еркін, әділ және сенімді әрі заңды өткенін Ерқара Балқараұлы тілге тиек етті.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, облыстық орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Жетінші шақырылымның алғашқы сессиясында облыстық мәслихатқа  38 депутат сайланды. Депутаттарға куәліктері мен төсбелгілері салтанатты жағдайда табысталды.

Облыстық мәслихаттағы халық қалаулыларының алпыс пайыздан астам құрамы жаңадан жасақталды. Олардың арасында “Nur Otan” және «Ақжол» мен «Ауыл» мен «Халық» партиясының мүшелері бар. Ал, осы күні облыстық мәслихаттың хатшысы болып Серік Өтешов тағайындалды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады. Ол өзіне жүктелген міндет пен артылған сенімді барынша жауапкершілікпен еңсеретінін айтты.

Серік ӨТЕШОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы:

Ал, сессия барысында Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі облыстық мәслихат депутаттарын құттықтады. Сонымен қатар, аймақ басшысы халық қалаулырына  қазіргідей қысылтаяң кезеңде өңірдегі күрмеулі мәселелерін бірлесе  біржақты етіп, шұғыл шешімдерді жедел  қабылдау керектігін алға тартты.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

Жетінші шақырылымның бірінші сессиясы аясында тұрақты және есептік, редакциялық комиссиялардың төрағалары мен мүшелері анықталды. Енді депутаттар халықтың мүддесі мен әлеуметтік –экономикалық мәселелерді үнемі назарда ұстайды. Сессия соңында халық қалаулылары  әлеуметті алаңдатқан сұрақтарды келісіп шешіп, жұмыла жұмыс істейтін болып уағдаласты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...