ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ ЖАН

15:54, 26 қазан 2021

Мамандығына адал жан. Бүгінгі кейіпкеріміз осы бір сөздің шынайы иесі, еңбек адамы Олеся Нагимова

Флотация – өнеркәсіптік кәсіпорындарда пайдалы қазбаларды өңдеу әдісі. Олеся Нагимова осы зауытта 23 жылдан бері флотатор болып жұмыс істейді. Өзі де Балқаш қаласының тумасы. Кондитер аспазшысы ретінде білім алған. Бірақ 1990-шы жылдары табысты жұмыс табу қиын болған. Алайда, өнідіріс саласына келіп, тұрақты табыс, сүйікті мамандығы бойынша еңбек етуге кіріскен.

Олеся НАГИМОВА,    комбинат флотаторы:   

-Менің әжем осында жұмыста істеді. Сол кезде маған да осы жерден неге қызмет етпеске деген ұсыныс айтты. Аспазшы болу оңай дүние емес. Жалақысы да аз болды. Комбинаттағы қызу тірлікпен танысып, іске кірістім. 1998 жылы алғаш келдім. Қазір келгеніме, осында еңбек еткеніме еш өкінбеймін.

Олеся Нагимова өзінің жұмысы жайлы айтқанда ерекше әсерге бөленеді. Өйткені, жаны қалап таңдаған мамандығында қызықты дүниелер жетіп артылады. Айтуынша, флотатор болу оған оңайға түспеген. Басты қасиет – адамның көру қабілетінің жақсы болуы мен түр-түсті нақты анықтай білуі, дейді ол.   

Олеся НАГИМОВА,    комбинат флотаторы:  

-Біздің істейтін жұмысымыздың өзі қызықты. Жан қалауыммен өз қызметімді атқарып келемін. Флотациялық техникалардан алынған өнім түсі де таңданыс тудырады. Өзіме осы сала қатты қызықты. Әлі де еңбек ете бергім келеді.

Олеся Нагимова отау құрған жолдасымен де осы кәсіпорында танысқан. Қазіргі таңда үш баласы бар, үлкені 11 жаста. Бос уақытында сурет салғанды ұнататын Олеся жанұясымен табиғатта серуендеуді дағдыға айналдырған. Бұл жерде зейнет жасына дейін еңбек етуді жалғастыра бермек ниетте.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...