ЛИФТТЕР ЖАҢАРТЫЛУДА

16:29, 11 маусым 2021

Балқаш қаласында жаңа лифтілер пайдалануға берілді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары «Өңірлерді дамыту-2025» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда

Бөкейханов көшесі, "Шашубай" шағын ауданындағы 24 және 25 үйлерде 3 жаңа лифт орнатылды. Соңғы көпқабатты үйде лифт 25 жыл жұмыс істемей тұрған. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Айтбек АҚБЕРГЕНОВ,  кондоминиум жетекшісі:

-Бағасына көнді бәрі, бәрі келісті. Халықтың бәрі қуанып жатыр, 18 квартира лифт теуіп жүр. Сол енді былай айтсам, рақмет сіздерге!

Қаладағы жарамсыз лифтілер "Өңірлерді дамыту - 2025" бағдарламасы бойынша ауыстырылды. Олардың әрқайсысының құны 9 миллион теңгеден асады. Бұл соманы үй тұрғындары 8 жыл ішінде өздері төлейтін болады. Жоба облыс әкімдігі мен Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы арасындағы келісім аясында жүзеге асуда.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ,  Балқаш қаласының әкімі:

- Жалпы бізде бұл бағдарлама 7 лифтіні ауыстыруды қарастырады. Бір міндетті шарт бар - қайтаруды қамтамасыз ету мәселесі. Сондықтан сметалық есеп бойынша біз алдымен тұрғын үй инспекциясы мен кондоминиум басшыларының күшімен тұрғындармен жиын өткіземіз. Жиындарда  бұл бағдарламаның шарттары тұрғындарға түсіндіріледі.

Ал қаладағы басқа үйлердегі жарамсыз лифтілер бойынша тұрғын үй инспекциясы халықпен кеңес өткізуді жалғастыруда.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар