ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛ

16:16, 9 қыркүйек 2021

Індеттің ілмегіне ілініп, жансақтау бөліміне түсіп жатқандардың дені вакцина алмағандар. Жұқпалы аурулар ауруханаларында 1487 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 92 науқас жансақтау бөлімінде

Облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының басшысы Ержан Жүнісовтің айтуынша, қазіргі уақытта мұнда  104  науқас қауіпті дертпен күресуде. Оның 12-і жансақтау бөліміне түскен.

Ержан ЖҮНІСОВ,  облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының басшысы:

-Қазір біздің стационарда  індет жұқтырушылар саны біршама төмендегенін атап өткім келеді. Аймақтағы өзге ауруханаларда да осындай жағдай. Алайда бұл жолы ауруды еңсеру қиынға түсуде. Науқастар әлдеқайда ауыр өткеруде.  Нәтижесінде өкінішке қарай, ауруханадағы барлық  жансақтау бөлімдері бос емес.

Артём Потаповтың ауруханада жатқанына бір ай болыпты. Оның өкпесі  70%-ға дейін қабынып кеткен. Бұған дейін ол індеттің барына мүлдем сенбеген екен. Сол себепті вакцина алуды ды құп көрмепті. Қазір бұл  көзқарасының қате болғанын және тезірек сауығып шығуды қалайды.   

Артём ПОТАПОВ, науқас:

уруым асқынған соң ауруханаға жаттым. Палатада 10 күндей емделдім. Алайда одан жағдайым оңалмады. Денсаулығым тіпті нашарлай түсті. Сол себепті  мені жансақтау бөліміне ауыстырды.  Мұндағы дәрігерлер де мені жақсы қарады. Барлық тиісті жағдайлар жасалған.  Ақ халат иелері қажетті ем-шараларын жасап, тез қалпыма келуге барын салды. Оларға айтар алғысым шексіз.  

Сырқаттың ауыр түрін өткеріп жатқан науқастар назогастральді зонд көмегімен ауқаттанады. Дәрігерлер осындай жағдайға шалдықпас үшін  барынша қорғанып жүруге және мейілінше екпе салдыруды үндейді. Айта кетейік, соңғы тәулікте республика бойынша COVID-19 және коронавирустық пневмониядан 86 адам қайтыс болды. Оның  төртеуі біздің облыстан.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...