ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАМДАНУ

16:25, 19 шілде 2021

Қыстың қамын жаз ойла. Облыста жылу беру маусымы басталғанға дейін 8 энергостанцияда 26 қазандық пен 15 трубинаны жөндеу жоспарланған. Қытымыр қысқа әзірлік барысы кезекті аппарат мәжілісінде талқыланды

Жылыту маусымына әзірлік биыл  мамыр айында қолға алынған болатын. Сегіз энергия көздеріне, оның шініде 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу көзделген. 72 қазандық, 693 автономды жылыту жүйесі, сондай-ақ коммуникациялар дайындалады. Қазіргі уақытта облыстың барлық станцияларында негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ұлантай ҮСЕНОВ,  энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысының аумағында алдағы жылыту маусымына жұмыстар басталды. Биыл жөндеу жұмыстарына 73,7 миллиард теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 миллиардқа артық. 8 Электр көздерінде жоспарда 21 миллиард теңге сомасына 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу көзделген.

Қажетті қатты отын, яғни көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуде.   Бұл орайда, проблемалық нысандарға   ерекше көңіл бөлінеді.

Қайрат БЕГІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

- "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де екі қазандық пен екі турбинаны күрделі жөндеу, сондай-ақ жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге бір қазандықты ағымдағы жөндеу жоспарланған. Бүгін бір қазандық пен бір турбинаға күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ал, Балқашта жаңа жылу магистралі іске қосылады.  Ол Қоңырат шағын ауданына дейін қамтылады.   Қала әкімі Ораз Тәуірбековтың мәліметінше, тамыз айында желіні сығымдау, ал қыркүйекке дейін нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі уақытта Қарағандыда жоспарланған 17 жылу жүйесінің 9,5 шақырымы жөнделді. Сұрыптау бекеті тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін құбырлардың жылу оқшаулағышы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, биыл облыс орталығының 30-шағын ауданындағы жылу желілері ауыстырылады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

Жаз мезгілінің  жартысы өтіп кетті.  Бір аптадан кейін тамыз  айы. Сондықтан  жылыту маусымына дайындықты белсенді жүргізуіміз керек. Энергиямен, жылумен қамтамасыз ету   маңызды рөл атқарады. Жылыту маусымына дайындық мәселелері тұрақты бақылауда. Мерзімдерді бұзуға жол берілмейді.


Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек тұрғындар уақытында отынға  қолжеткізу үшін  сату орындарында  көмірдің бар-жоғын тексеріп, назарда ұстауды тапсырды.
Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар