ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ТЕГІН ТІЛ КУРСТАРЫ АШЫЛДЫ

11:46, 14 қазан 2021

Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінде қызметкерлерге арналып, тіл курстары ашылды. Олар «Сарыарқа оқу әдістемелік кешен» оқулығы арқылы қазақ тілін үйренеді

Қаладағы «Строймарт», «Казмарт» құрылыс сауда нүктелерінде арнайы 24 сағаттық тіл курстары іске қосылды. Енді сауда қызметкерлері  алысқа ұзамай мемлекеттік тілді үйрене алады. Бір топта 15-20 адам. Курстың мерзімді ұзақтығы 1 ай.

Мунира АҒЫМБАЕВА, облыстық тілдерді оқыту орталығының мұғалімі:

-Біздің тіл үйрету курстарының ерекшеліктері - біз әрбір кәсіби салаға бағыттап оқытамыз. Мысалы, дайын сөз тіркестері, сөз орамдарын өздерініің салаларына қарай үйретеміз.

Осыған дейін қазақ тілін дамытуға арналған  курстар Теміртау, Саран қалаларының сауда үйлерінде өз жұмысын бастаған болатын. Айта кеткен жөн, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде бар күштерін салып, қолдау көрсеткен облыстық тілдерді оқыту орталығы мен Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі. Ал кабинеттегі керек-жарақтармен сауда үйі әкімшілігі қамтамасыз еткен.

Серік ТОНТОВ, коммерциялық директор:

-Бүгін біз бірінші күн оқып жатырмыз. Мен ойлаймын, әрбір Қазақстанда тұратын азамат мемлекеттік тілді білуі керек. Мысалы, қарапайым күнделікті тұрмыста қолданатын сөздерді үйретеміз.

Алдағы уақытта ірі проспект, шығыс сауда орталықтарында  тіл курстары ащылады деп жоспарлануда.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...