ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚЫР ЕҢБЕККЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЕЛГЕ ҮЛГІ

17:12, 8 қазан 2021

ҚР Парламент мәжілісінің депутаттарын Қарағанды шаһарына іс сапарларын көшпелі отырыспен түйіндеді. Облыс әкімдігінде аймақ басшысының қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер Комитетінің кеңесі өтті. Жеңіс Қасымбек халық қалаулыларына АӨК дамуы туралы айтып берді

Отырысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және азық-түлік бағасын төмендету, көтерме-тарату орталықтары желісін дамыту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, агроөнеркәсіп саласында мемлекеттік қолдау 5 жылда 2,6 есеге артқан.

Серік ШАЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

  – 8 айдың қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісінің көлемі 3,7% өсіммен 217,8 млрд теңгені құрады. Дәнді дақылдарды жинау аяқталды. 9,3 ц/га орташа өнімділік көрсеткішімен 894 мың тонна, оның ішінде 727 мың тонна бидай жиналды. 109 мың тонна астық тұқымы себілді.

Биыл облыста АӨК саласында 13 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы екеуі іске асырылады деп жоспарланған.  Депутаттардың пікірінше, Қарағанды облысының пайдалы тәжірибесін басқа өңірлерде де қолдануға болады.

Асқарбек ӨСЕНБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Салынған көтеріңкі тарату орталықтарын қарап көрдік, таныстық ,білдік.Өте жақсы салынған. Кеше екі ауышлшаруашылықты араладық, бәрін жазып алдық.Көмектесуге тырысамыз.

Көшпелі кеңес нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға ұсынымдар беріледі.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...