ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

13:17, 30 қараша 2021

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде дарынды суретші Александр Шапошевтің ұйымдастыруымен шығармашылық көрмесі өтті. Графикалық суреттер, сия бояулар және қаламмен салынған туындылар қылқалам шеберінің негізгі жанрлары. Авторлық жұмыстардан бөлек көрмеде өнер мектебі оқушыларының қолөнер шығармалары ұсынылды

Алексей Шапошев –  жас суретшілер бірлестігінің және халықаралық кәсіби суретшілер қауымдастығының мүшесі. Талантты қылқалам шеберінің  мұндай көрмелерді жиі ұйымдастырып, өнерсүйер қауымға тың дүниелерін ұсынып келеді. Қабырға төріндегі ерекше туындылар 9 жыл бойы өнер мектебінде сабақ берген уақыттағы жұмыстары да жинақталған. Графикалық шығармалардан бөлек, Алексей Шапошев карикатура, миниатюра, комикс жанрлары  және тақырыптық суреттерді де салуға жаны құмар.  Суретші әрбір туындысында  ерекше  стилистикалық әдістерді қолданатынын айтады. Айта кетейік, қолөнерлік мүсіндер және графика көрмелері 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Алексей ШАПОШЕВ, суретші:

-Графикалық  сурет жұмыстары біршама уақыт алады. Тіпті кейбірінің салу ұзақтығы 1 жылға дейін созылады. Қазір осы көрмеде ұзақ дайындалған шығармаларым бар. Мен өзім  көркемсурет мектепбінде 9 жыл бойы  сабақ бердім. Осындағы туындылар мектепте қызмет атқарып жүрген кезде салған суреттерім. Әрине одан да басқа түрлі жанрдағы  шығармаларды келушілердің назарына ұсынудамыз.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
19:13, 17 мамыр 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
19:08, 17 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар