ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КВИ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРҒА ПЛАЗМА ТАПШЫ

15:08, 1 шілде 2021

КВИ шалдыққан науқастарды елімізде иммундық плазмамен емдей бастады. Алайда, КОВИД-ке қарсы антиденелер Қарағандыда тапшылық тудыруда. Өңір дәрігерлері дабыл қағып, донорларды шұғыл қан тапсыруға шақырады

Маусымда облыстың ауруханаларына плазманың 2 мың дозасы жеткізілген. Бұл өткен айлармен салыстырғанда 100 есеге көп. Алайда, дәрігерлер антидененің мөлшері жеткіліксіз екенін айтуда. Сұраныс жоғары көрінеді. Бүгінде аймақта 1300 адам індетпен күресіп жатса, соның 50-ден астамы жансақтау бөлімінде. Сондықтан донорлар бұрынғыдай екі ай сайын емес, 14 күнде бір қан тапсыруға мәжбүр.   

Медет ЕСЕНҚҰЛОВ, ДОНОР:

-Мен өз басым вакцинаның екі компонентін қабылдадым. Содан кейін анализ тапсырдым. Антиденелер көрсеткіші жоғары болған соң, мені екі апта сайын шақырып отыр.

Мысалы, бір құтыны толтыру үшін 600 мл плазма қажет екен. Ол үшін донордан 1,5 литр көлемінде қан алынады. Бір плазмадан 2,3 доза алынады. Яғни  бұл 2,3 адамның өмірін құқаруға септігін тигізеді, - дейді мамандар. 

Ырыскүл ЫҚЫЛАСОВА, облыстық қан орталығының меңгерушісі:

-Плазма тапсырған ешқандай организмге зиян емес. Ең құрығанда біз екі жүз доза запаста ұстап отыруымыз қажет. Сол запасты толтыру үшін бізге донорлар қажет. 

Бір науқасқа плазмалық жасуша екі мәрте егіледі. Дәрігерлер бұл аурудан айығудың тиімді жолы – дейді. Өйткені, осындай тәсілмен ем қабылдаған науқастардың 50%-ы қысқа мерзімде аяққа тұрған.   

Гульмира ТИГАЙ, Облыстық  клиникалық аурухананың дәрігер-трансфузиологы:

-Зертханалық зерттеу оң өзгеріс барын дәлелдеп отыр. Біз трансфузия алмаған және алған пациенттерде салыстырмалы талдау жүргіздік. Бұл пациенттер тез қалпына келуде. Жансақтау бөлімінен салыстырмалы түрде тез шығуда.

Мұнда антиденемен бөлісуге тәулігіне жүзге жуық адам келеді. Вакцина қабылдағандар мен індетті еңсергендер донор бола алады. Тек ауырып, жазылған соң 30 күн, ал екпе салған болса 56 күн өтуі тиіс. 

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...