ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАРҒАУДЫ ҚҰТҚАРДЫ

16:16, 16 шілде 2021

Төтенше жағдай қызметкерлері мысықтың марғауын қауіпті қатерден құтқарып қалды. Тіпті үй хайуанатына көмекке құтқарушылар арнайы техникамен келген

Кішкентай марғау 4 күн бойы сегіз метрлік биіктіктен түсе алмай, мияулап отырғанын айтады куәгерлер. Осы аянышты көріністі көзбен көрген тұрғындар өрт сөндірушілерді шұғыл шақырған. Оқиға орнына дереу жеткен төтенше жағдай саласының мамандары үш иінді сатының көмегімен үй хайуанатын жерге түсірген. Бейнежазбадағы құтқарушылардың әсерлі әрекетін таңданыспен қараған халық жақсы пікірлерін әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Қазір марғаудың иесі іздестірілуде.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар