ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

16:23, 20 қазан 2021

Бұқар жырау ауданында ТЖД қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара өтті. Жиналыс барысында құтқару қызметінің мамандарына аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді

Биыл Төтенше жағдайлар департаменті өзінің 26 жылдығын атап өтуде. Іс-шараға Бұқар жырау ауданының әкімі қатысты. Жиналыс барысында жазғы маусымның қорытындысы шығарылып, барлық қызметкерлерге баға жетпес еңбегі үшін алғыс айтылды.

Сержан АЙМАҚОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

-Жыл басында ауданда 160 өрт оқиғасы болды. Оның 69-ы тұрмыстық, 101-і табиғи дала. Жалпы ауданы 6 200 гектардан асады. Жедел ден қою және жолға қойылған өзара іс-қимылдың арқасында өртті қысқа мерзімде және ең аз алаңдарда жою қамтамасыз етілді. Бұл ең алдымен сіздің, Сіздің қызметкерлеріңіздің және ерікті жасақтардың еңбегі.

Мұрат Әбілдинов ерең еңбегі үшін  Құрмет грамотасына ие болды. Осы салада жұмыс істегеніне 13 жыл. Қазіргі кезде №19 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымында.

Мұрат ӘБІЛДИНОВ, № 19 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

-Бүгін Құтқарушы күнінің 26 жылдығы. Азаматтық қорғау органдарының барлық қызметкерін осындай тамаша күнмен, кәсіби мерекемен құттықтағым келеді.

Іс-шара барысында қызметкерлерді құттықтаудан басқа құтқару операциялары тақырыбында балалардың сурет байқауы ұйымдастырылды.

Ерсін ЖҮНІСБЕКОВ, Бұқар жырау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

- Байқауға 20-дан астам оқушы қатысты. Осындай іс-шараларды өткізудің мақсаты - ТЖД қызметкерлерінің жұмысын насихаттау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу. Балалар өздерін жақсы көрсетті және біздің байқауға үлкен қызығушылықпен қатысты.

Айта кету керек, 2021 жылдың шомылу кезеңінде 230 рейд және демалушылар мен балықшыларға түрлі жағдайлардың 550 алдын алу жұмыстары жүргізілді. Бес су қоймасы уақытылы тексерілген. Сондай-ақ, демалыс маусымы кезінде Бұқар жырау ауданында да Нұра өзенінің жағалауында құтқару бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...