ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

16:43, 11 маусым 2021

Шомылуға рұқсат берілмеген өзен-көл сағаларында демалушылардың қатары көбейген. Олар тиісті ережені де ескере бермейтін көрнеді. Бұл Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәлімдемесі. Жауаптылар Федоров су қоймасына рейд жасады. Қойма суын саялағандарға суда жүзу ережесін еске салды

Маусымдық жағажайлар жұмысын бастады. Рұқсат алғандары маусым айының бірінен бастап  тұрғындарға есігін ашты. Тек суға түсіп, сергіп аламын дегендер арасында мас күйінде жүретіндері бар. Олар белгіленбеген жерлерде шомылып, арты қайғылы жағдаймен аяқталады. Төтенше жағдайлар қызметі орны толмас өкініш орын алмас үшін сақтық шарасын естен шығармай, тек арнайы орындарға баруға шақырады.

Мәрлен БАХТИЯР, ТЖД аға офицері:

Маусым басталмай жатып, Қарағанды облысында 2 адам суға кетті.  Жағажайларда суға түсуге болмайтын 7 орын бар.  Ол жерлерде арнайы белгілер орнатылған. Алайда, мұны ескермейтіндер көп. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімшілік, полиция қызметкерлерімен бірлесіп  су айдындарында күніне екі мәрте патрульдік жұмыстар жүргізуде.

Алмас ҚАРСЫБЕКОВ,   бас құтқарушы:

Жағажайға келгенде баланы қараусыз қалдырмауды ескертеді мамандар. Ал тыйым салынған орындарда шомылсаңыз 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салады. Мұндай рейд жұмыстары өңірдің барлық су айдындарында жүргізілуде. Маусым аяқталғанша халықты құлақтандырудан тынбаймыз деп отыр жауаптылар.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар