ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

16:14, 7 шілде 2021

Қарағанды қаласының бір топ ерікті жастары құрылысшылармен кездесті. Онда Елордамыз Нұр-Сұлтандағы көздің жауын алатын әсем ғимараттарының бой көтеру тарихы туралы сәулетшілер мен монтажерлар кеңінен әңгімелеп берді

«Коворкинг» орталығында жастармен тілдескен құрылысшылар Елорданың бой көтеру тарихына тоқталды. Ондағы алғашқы жылдары салынған Ақорда, Мәңгілік ел монументі және Нұрсұлтан Назарбаевтың әуежайын тұрғызуда  кездескен қиындықтар мен қызықтары жайлы әңгімелеп берді. Әрі жастардың сұрақтарына жауап берді.

Юрий Дунаев - Қарағанды «Промстройпроект» ЖШС бас инженері. Қазақстанның жаңа астанасын абаттандыру жұмыстарына біріншілердің бірі болып 1996 жылдан бастап Қарағанды «Промстройпроект» институты енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласындағы институттың алғашқы жұмысы қаланың  бас жоспарын әзірлеу болған еді. Мысалы, Есіл өзенінің жағалауы, Бөгенбай батыр даңғылындағы және 9 шағын аудандағы тұрғын үйлер, сондай-ақ, бас прокуратураның әкімшілік ғимаратының бой көтеруіне Юрий Дунаевтың еңбегі сіңді.

Юрий ДУНАЕВ, Қарағанды «Промстройпроект» ЖШС бас инженері:

- Жастар тарихқа қызығушылық танытып отырғанына қуаныштымын. Астанадағы зәулім ғимараттар мен үйлер жалпы құрылыстың қарқындауына, сәулет өнеріне менің ғана емес, барша қазақстандық құрылысшылардың еңбегі зор дер едім. Сәулетші, монтажер, құрылысшы, идея авторлары - міне барлығының еңбегі зор.

Тілеубек Елеусізұлы - "Имсталькон" ЖШС экс-директоры. 1998 жылдан бастап "Қазақстан" спорт сарайы нысанының құрылысына атсалысқан. Бәйтерек монументі және Елбасы әуежайының монтаждау жұмыстарымен тікелей өзі айналысқан.

Тілеубек ЕДГИН,  құрылысшы:

-Бұл өте қиын болды. Адамдар жалақыларын уақытында алып тұрды. Әрине, бұл үлкен мәселе. Ол жылдары Астана енді құрылып жатты. Жұмыс қауырт, қазір бәрі етегідегідей жайнап тұр. Бұдан да бетер асқақтай беретініне сенемін.

Іс-шара барысында  белсенді жастар мен еріктілер келген қонақтарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Диас АМАНТАЙ, студент:

-Біз елордамыздың дамуына үлес қосқан адамдармен, шығу тарихымен тікелей таныстық. Бұрындары білмеппіз. Ал, қазір естіп отырып, қызығушылығым артып отыр. Енді сол ғимараттарды көрген кезде тіптен ерекше сезімде болатын сияқтымын. Өйткені дәл сол адамдардың өзімен кездестік.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар