ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

16:35, 23 қыркүйек 2021

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек іс-сапармен Шет ауданына барды. Өңір басшысы жалға берілетін үйлердің құрылысын қарап, төселіп жатқан тас жолдарды да тексерді

Шет ауданында жыл соңына дейін 30-дан астам отбасы баспанамен қамтылады. Ақсу-Аюлыда екі пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік кезекте тұрғандар үшін 18 үй сатып алды.

Шет ауданында ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр. Алты елді мекендегі 23 көше ретке келтірілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша тағы да бірнеше елді мекеннің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 9 көше дайын. Шет ауданының ауылішілік жолдарының жартысынан көбі жақсы жағдайда. Ал келесі жылы қалғандарын жөндеу жоспарда бар екен.

Мұхит МҰХТАРОВ, Шет ауданының әкімі:

- Биыл 17 білім беру және 5 мәдени мекеме, 1 денсаулық сақтау ұйымы және 2 тұрғын үй жылу жүйесін жөндеді. Барлық коммуналдық мекемелер көмірмен қамтамасыз етілген. Ағадырда жұмыс істеп тұрған кәріз желілері кеңейтілуде. Қызметке қосымша үйлер қосылады. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

 Сондай-ақ, кенттің төрт көшесінде сумен жабдықтаудың резервтік желісі төселіп жатыр. Ауданда бұқаралық спортты дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Бассейн ашып, оған күрес залын қосу жоспарда бар. Сапар соңында облыс басшысы құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді және кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді мерзімінде беруді тапсырды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...