ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ – ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

15:17, 21 шілде 2021

Қарағандыда Құрбан айт онлайн форматта мерекеленуде. Қасиетті мейрамда сауапты амал жасауға ниет білдіргендер "Qurban2021.kz" сайты арқылы құрбандыққа шалынатын малға тапсырыс бере алады

Қарағанды қаласында құрбандық шалуға  рұқсаты бар үш бекет бекітілген. Бұл Гоголь көшесі бойында 2/23 мекенжайында орналасқан «Арай  KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұған қоса Резника көшесі 18 мен Сәкен Сейфуллин даңғылындағы пунктерде  құрбандық шалуға болады. Осылайша арнайы бекеттерден мал сатып алып, сауапты амал жасай аласыз.

Өмірзақ БЕКҚОЖА, Қарағанды облысының бас имамы:

-Құрбандық шалу салты үшін біз малдың жасына баса мән береміз. Себебі малдың жасы алты айдан кем болмауы керек. Сондықтан қасиетті күнде ізгі іс жасауға ұмтылайық.

Әрі құрбандыққа шалынатын ұсақ мал мен сиырға "Qurban2021.kz" сайты арқылы тапсырыс беруіңізге болады. Ешкінің бағасы 55 мың теңге. Ірі қараның құны 420 мыңнан басталады. Ал, мұндағы жасалған әрбір  рәсім сатып алған адамға есеп жіберу үшін ұялы телефонның бейнекамерасына түсіріледі.

-Бізде аз қамтылған отбасылардың тізімі бар. Соған сәйкес құрбандық етін таратамыз. Ет бұзылып кетпеуі үшін әр пунктте арнайы мұздатқыштар жұмыс істейді.

Бүгінде сайт арқылы мамандар құрбандыққа шалынған 89 малға тапсырыс қабылдаған. Олардың арасында 59-ы қой, ал қалған 30-ы ешкі екен. Ал, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу үшін  мал сою пункттері үнемі  құқық қорғау органдарының басты бақылауында болады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар