ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ - МӘДЕНИЕТТІҢ БЕРІК ДІҢГЕГІ

20:57, 8 шілде 2021

«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі Ұлытау ауданында өз мәнінде өрілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, ел егемендігінің 30 жылдығына орай өтіп жатқан шара шеңберінде дәстүрдің діңгегі жаңғырды. Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты

Ұлт ұясы Ұлытау төріндегі таулардың етегіне этноауыл киіз үйлері тігіліп, салт-дәстүріміз жаңғыртылды. Облыс орталығынан келген меймандарды өңірдің өнерпаздары әнмен, жырмен қарсы алды. Тау етегіндегі этноауылға 10 үй тігіліпті. 11-шісі көшпен келді. Сол көрініс арқылы ұйымдастырушылар көшпелінің өмірін көрсетуді мақсат тұтыпты.

Үрзия ҚОЯНБАЙҚЫЗЫ, музей қызметкері:

-Төс майлау рәсімң алдыменен, ұстаханада көліктің гүрсілі тоқтасасын, әрдайым төсте балғаның шыңғылы тоқтамасын деген ниетпен жасаған. Кейбір ұстаханаларда ақ бүркіт рәсімі  жасалатын болған екен. 

Қорықтық құю рәсімі де атқарылды. Ауырған баланың тас төбесіне су тегене  қойылып, оған ыстық қорғасын құйылады. Бұл қазіргі уақытта да жасалатын рәсім. Екі ғасырдың куәгері болған үлкендер өздерінің немерелеріне құяды.

Киіз үйдің ішінде бесікке бала бөлеп, «тышты ма» жоралғысы жасалды. Шүмектің орнынан әже тәтті-дәмділерді тастап, «тышты ма» деп сұрайды. Ал балалар тышты, тышты деп айтады.

Ал, Азамат Бейсенәліұлының қолшеберлігі де бар. Мәселен,  жауынгерлер қолданған керней үрмелі аспабын жасапты. Оның үні екі шақырымға дейін жетеді екен. Сол дыбыс арқылы қалың қолды басқарған деседі.

Шаруаға епті жеңгелер ши тоқыды, киіз басты, құрақ құрады. Мешкейлер жарысы да ұйымдастырылды. Көрпе үстінде қойдың етін асады. Палуандар күресті. Сөйтіп, ұйымдастырушылар бұрынғылардың өмір-салтын шынайы етіп көрсетуге барынша тырысып бақты.  Аудан әкімінің орынбасары Бағдат БАЙЖАНТАЕВ бұндағы таулардың тылсым күшін айтып берді.

Бағдат БАЙЖАНТАЕВ, аудан әкімінің орынбасары:

-Ал, Ұлытау ұлттың ұясы, ұлттың шаңырағы һәм киесі. Олар өздеріндегі артықшылықты пайдалана білді. Кезінде Жошы сынды хандардың қалың қолы өткен дала төсіне ауыл тікті, жақсы-жайсаңның басын қосты. 

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...