ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ» ҚОЙЫЛЫМЫ СОМДАЛДЫ.

12:34, 24 қыркүйек 2021

Облыстық Сәкен Сейфуллин театры 90-шы мерейтойлық маусымында көрермендерімен қайта қауышты. Киелі қарашаңырақ сахна шымылдығын Ғабит Мүсіроповтің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» шығармасымен түрді

Театр 90-шы маусымын Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» спектаклімен ашты. Сахнада өнер көрсеткен әртісер шығармадағы әр кейіпкердің образын үздік сомдады. Мысалы, өз заманындағы бай, атақты Қарабайдың бойындағы жағымсыз қылықтарын шебер жеткізген. Оның мыңғырған малын бәрінен биік қоятын сараңдығы, жалғыз қызы Баянды да қиып жіберетін қатыгездігін әртіс аша білді. Көптен бері киелі өнер ошағын сағынған көрермендер қойылымды бір деммен бастан-аяқ тапжылмай тамашалады.

Қайрат КЕМАЛОВ, театр әртісі:

-Театр-өмір! Адамның рухани тынысы кеңиді. Күнделікті өмірдегі проблемаларға жауапты адамдар осы біздің қойылымдардан алады. Театр күлдіретін орын емес. Театр қоғамдағы өзекті проблемаларды шешудің тетігін өз көрерменіне жеткізеді. Ал енді әртіс образды ашып, соны жеткізсе, онда дегеніне жеткені. Ал жеткізу үшін жүрекпен сезіну керек. «Қозы көрпеш - Баян Сұлу» пьесасы мән-мағыналы шығарма. Қарабай байдың қатыгездігі мен сараңдығы керемет суреттелген. Жалғыз қызын да мал үшін қиып жіберуге даяр. Міне, осы шығарманың көркемдігін бұзбай, көрерменге таратсақ, біз бақыттымыз.

Сәкен Сейфуллин театры еліміздегі ең үздік, тарихы терең өнер ордаларының бірі. Қарашаңырақ жыл сайын жас буын әртістермен толығуда. Осы жылы театрдың 90-шы маусымында жаңадан бір топ жас мамандармен қатар жаңадан көркемдік жетекші келді. Бұл театрдың алға қойған мақсаттарымен жаңашылдық, тың идеяларды бастауға мом мүмкіндік, -  дейді театр басшысы

Құрман ҚАЛЫМОВ, С.Сейфуллин театрының басшысы:

-Биыл киелі шаңырағымызға жаңадан әртістер келді. Жастар елдің болашағы. Әр салада жастар келсе, жаңа баспалдақтармен үлкен жетістіктерді бағындырамыз. Оларға жол көрсетіп, шығармашылық дамуға ықпал ету, креативті ойы бар ұландарды қолдау, жол көрсету бізге былайша айтқанда аманат.

Айдын САЛБАНОВ, театрдың көркемдік жетекшісі:

-Өр Алтайдан Сарыарқаның төріне келіп жатырмын. Сіздердің үміттеріңізді ақтап, жұмыс істеуге тырысамыз. Сіздерсіз біз ешкім емеспіз. Көрерменнің көңілінен шығып, оң бағасын алса, ол біз үшін үлкен бақыт.

Айта кету керек, алдағы уақытта театр ұжымы белгілі сыншы Әшірбек Сығайға арналған республикалық деңгейде театрлар фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...