КӨШЕНІ СУ БАСТЫ

12:19, 2 ақпан 2021

Қарағандының кейбір көшелерін қыс ортасында су басты. Шаһар тұрғындары мезгілсіз кедергіні әлеуметтік желіде жариялап, жауапты органнан көмек сұрады. Мәселенің мән-жайын білу үшін біздің түсірілім топ та оқиға орынына барып қайтқан болатын

Желіде тараған мына суреттерден жол бойы көлкөсір су, салдарынан көктайғақ орын алғанын аңғаруға болады. Тоқтаусыз аққан су кейбір үйлердің ауласына дейін жеткенін тұрғындар жарыса айтты. Жағдай бір емес, бірнеше көшеде көрініс тапқан. Планетная, Нұрмақов, Бәженов көшелерінің де сыйқы осындай. Даурыққан жұрттың шағымына жедел әрекет етіп, оқиға орынына барған едік, бізді алып техникалар мен жұмысшы топ қарсы алды.

Болжам бойынша су құдықтан ағып жатыр делінген. Алайда, келеңісіз жәйт құбырларды жөндеу барысында орын алған. Желіні жаңартуға ниетті мердігерлер қарашаны алдын ала ескертпеген. Бұқара бұл жағдай үш айдан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Олар жұмысшылармен келісім болмаған соң, тіпті полиция көмегіне де жүгінуге мәжбүр болған.

Ирина СИТИНА, тұрғын:

- Көшенің әр бұрышынан қазып тастады. Жолдарды жауып қойды. Балаларым үйге келе алмай, әбігер болды. Осы келеңсіздік үш ай бойы, қараша, желтоқсан, қаңтар айларынан бастап жалғасып келеді. Полицияға да шағымдандық. Енді бұл жөндеу жұмыстары қашан бітері де белгісіз.

Мердігерлер болса жұртты әбігерге салған жөндеу жұмыстары бұл көшелерде бір-екі күнде тәмамдалатынын айтады.

Медет БИМАҚАШЕВ, мердігер компания өкілі:

-Біз үкіметтің жұмысын жасап отырмыз. Еріккеннен жүрген жоқпыз, халықтың қамы. Иә, халық тарапынан түсініспеушілік болды, бірақ біз айтып түсіндірдік қой.

Тапсырыс беруші тарап қалалық құрылыс бөлімі көрінеді. Жауапты орган жоба екі жылдық, межелі міндет шамамен тамыз айында толығымен тапсырылу қажет екенін жеткізді. Сондықтан болар, мердігерлер қыс мезгіліне қарамастан кестеден ауытқымаудың қамын орайластырып жүр.

Шыңғыс БӘКІРОВ, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

- Бізде қазір су желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Солнечная көшесінен бастап, төменгі көшелерге дейін жаңартылады. Ал, Нұрмақов, Болотная, Бәженов көшелері бойынша – қазір онда мердігерлер құбырды ауыстырып жатыр. Ал, ескі құбырлар әбден тозды, олардың тұрғанына жетпіс жылдың жүзі болған. Аталмыш жұмыстар жүргізілетінін халыққа алдын ала ескерттік, ақпарат таратылды.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...