ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚОС БАСЫЛЫМ МЕРЕЙТОЙЫ

16:55, 6 желтоқсан 2021

Қарағанды өңірінің аға басылымдары «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріне 90 жыл. Бүгін газеттің ардагер тілшілері, қызметкерлері мен бүгінгі ұжым, оқырман қауым мерейтойлық тағылымды кеште қауышты. Бір топ үздік танылған сала мамандары арнайы сыйлықтармен марапатталды

Өңірдегі іргелі басылымдар «Ortalyq Qazaqstan» мен «Индустриальная Караганда» газеттерінің мерейтойлық кеші тағылымды көрмемен басталды. Алдымен қонақтар жаңа D2 форматында 90 жылдыққа қадам басқан газеттің өткен ғасырдың 1931 жылдардан бері қолданған жабдықтарымен танысты. Өңі кетпей, сақталған жәдігерлер түгелдей газет тарихынан сыр шертеді.

Бұл кеш жыл басынан бері аудан, ауылдарды аралап, газет жанашырларымен жүздескен ұжымның  90 жылдық мерейтойды түйіндеуі. Алдымен, іргелі қос басылым кеші мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның атынан жолданған құттықтау Алғыс хаты оқылды. Тағылымды кеште облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қос басылым қызметкерлерін торқалы тоймен құттықтады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-«Орталық Қазақстан» мен «Индустриальная Караганда» газеттері өңірдегі басты аймақтық басылымдар. Оқырманы бар, өзіндік жолы қалыптасқан басылымдар. Өңірдің саяси-қоғамдық өмірін қамтитын газеттердің тарихы әріде жатыр. Облыстық басылымдардың 90 жылдығымен құттықтаймын.

Жылы лебізден соң өңір басшысы аймақтық басылым қызметкерлерін марапаттады.

Қазақстанның Құрметті журналисі, профессор Зарқын Тайшыбай, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары Айбын Шағалақ пен Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтар мерейтойға арнайы қатысып, ақ тілектерін жолдады. Әлібек Әбдраш, Аман Жанғожин, Андрей Пухальский, Сұлтан Кемелбаев секілді ардагер журналистерге Қазақстанның құрметті журналисі атағы берілді. «Индустриальная Караганда» газеті бас редакторы Оксана Мягких бір топ журналистер Ақпарат саласының үздігі деп танылды.  

Сейітқазы МАТАЕВ,  Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:

-«Орталық Қазақстан» мен «Индустриальная Караганда» газеті менің жаныма өте жақын газет. Біреуінде еңбек еттім. Өстім, елге қызмет еттім. Тәуелсіздікпен қатар келген мерейтоймен барша қарағандылық оқырманды құттықтаймын. Барлық газет ұжымының еңбегі орасан.

Алатаудан арнайы келген Алаш ақыны Абзал Бөкен ағамыз басылымға арнаған өлеңін оқып берсе, 90 жылдық мерейтойға арналған "Тоқсан жыл топта толғаған" және "С, юбилеем, Индустриалка!" атты қос жинақтың тұсауы кесілді.

Мерейтойлық кеш "Ortalyq Qazaqstan" газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков үшін тарихи сәт. Ол Қазақстан Журналистер Одағының тұңғыш рет ұсынған Алтын медаліне ие болды.

Ерсін МҰСАБЕКОВ,               "Ortalyq Qazaqstan" газетінің бас редакторы:

- Арқа төсіндегі байырғы басылымдардың мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келіп отырғанын атап айтқым келеді. Екі газет те ел мүддесіне лайықты қызмет етуде. Басылым беттерінде өңіріміздің  деректі шежіресін жасаған қаламгер қауымның зор еңбегі мен қолтаңбасы бар. Әр жылдары ұжымда қызмет еткен қаламгерлердің алдыңғы легі қалыптастырған игі дәстүрді кейінгі толқын заман талабына сай, лайықты жалғастырып келеді.

Құрамында 90 жылдық тарихы бар қос газет, "life09" интернет порталы, "Saryarqanews.kz" ақпараттық сайты бар холдинг Арқа баспасөзінің бүгінгі алпауытына айналды. «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахметов мерекелік шараны қорытындылады.

Қамбар АХМЕТОВ,   «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры:

-Биыл алғаш рет қос басылым мерейтойды бірге тойлап отыр. Бұл дегеніміз қос басылымның ұстанымы, ұлттық саясатты жүзеге асырудағы тығыз байланысы. Үлкен еңбек ұжымда жатыр. Оқырман қауымның көкейіндегі мәселе мен қоғамда болып жатқан жұмыстарды әрдайым жедел таратып келеміз.

Бар ғұмырын "Орталыққа" арнаған Арқа баспасөзінің қара нары, аяулы Мағауия Сембай ағамыздың атындағы журналистер арасындағы облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталды. "Орталықтың" ардагері, белгілі қаламгер Төлеубай Ермекбаев пен газеттің жауапты хатшысы  Қызғалдақ Айтжанова жүлдені бөлісті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...