ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

"КӨРКЕМДІК ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ"

16:42, 1 шілде 2021

"Көркемдік жақсылыққа жетелейді". Осындай атаумен облыстық бейнелеу өнері мұражайында көрме өтуде

Көрмеге "Репинка" көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстары, яғни 300-ден астам шығарма қойылды. Олар әртүрлі техникада жасалған. Мұнда гуашь пен акрилдің классикалық көркем пейзаждары, баспа графикасы, акварель натюрморттары және заманауи пастоздық портреттер бар. Акрилмен боялған мата да бар. Мысалы, осы джинсы куртка сияқты. Мұндай суреттің жасалу құпиясымен көркемсурет мектебінің жетекшісі бөлісті.

Валерия МАГДЕЕВА, "Репинка"көркемсурет мектебінің жетекшісі:

 - Мен көптеген жылдар бойы декор суретшісі ретінде жұмыс істеп, сурет салумен айналыстым. Өз оқушыларыма бар білгенімді үйреткім келді. Мұның бәрі жұқа щеткамен боялған. Жұмыстар өте қарапайым, оны жууға болады. Ал мына курткадағы қыз  суреті ерекше назарға ие.

Бұл өнер мектебінде балалар да, ересектер де сурет салумен айналысады. Мектеп басшылығы шығармашылыққа құмар адам, жаман бола алмайды дегенге сенімді.  Өйткені, өнер адамдарды жақсылыққа шақырады. Көрмеде 9 жасар Толғанай Сағындықтың да  жұмыстары қойылған.

Толғанай САҒЫНДЫҚ:

-рамкаға 4 картина салғам, басқалары картонға жапсырылған. 11 сурет картонға жапсырылған.

Мектеп кішкентай балалардың жұмысына ерекше көңіл бөледі. Экспозицияда 4 жастан асқан балалардың тұзды қамырдан жасаған мүсіндері, сондай-ақ әртүрлі аралас техникадағы сәндік композициялар ұсынылған. Айта кету керек, "Репинка" көркемөнер мектебі осы жылдың қаңтар айында ашылған болатын.

Райхан Сайранбек

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...