КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

10:12, 23 ақпан 2021

Нұра кентінде жалғызбасты көпбалалы анаға басапана тарту етілді. Бұл сыйлықты Нұра ауданының әкімдігі жасап отыр. Айман Есенбаева Нұр-Сұлтан қаласында 13 жыл баспана кезегінде тұрған. Былтыр Нұра кентіне көшіп келіп, көптен күткен қуанышқа кенелді. Жуырда ғана қоныс тойын атап өткен отбасымен Гүлбақша Ақажанова сұхбаттасып қайтты

Айман Есенбаеваның күнделікті жұмысы көп, сондықтан оның таңы ерте басталады. Жаңа үйге көшіп келгеніне көп болмаған. Қораға тек ағашты кіргізіп қана үлгерген.

Жеке басыбайлы үйі болмағандықтан, жалғысбасты ана көшіп-қонып, талай жалдамалы пәтерлерді паналаған. Аядай бөлменің де, суық пәтердің де азабын көрді. Былтыр Нұра кентіне көшіп келіп, тұрғын үй кезегіне тұрды. Араға бір жыл салып, Айман Есенбаева қуанышты жаңалықты естіпті.

Айман ЕСЕНБАЕВА, көпбалалы ана:

Енді 4 баласының жеке-жеке бөлмесі бар. Бір перзенті студент болса, қалғандары мектеп оқушылары. Жеке шаңырақтары бар балалардың да еңсесі көтеріліп қалған. Тіптен жергілікті әкімдік 4 бөлмені жөндеу жұмыстарын да жүргізіп берген. Енді баспана ішін дүниеге толтыру қалды.

Нәзік жан  тұрмыс тауқыметін аз тартпады. 17 жыл бойы жалғызбасты ана 4 баласының құбыласын түгендеу үшін түрлі жұмыста тынбай тер төгіп келеді. Аудандық жұмыспен қамту орталығы еңбек көзін де тауып берген. Қазір Айман Есенбаева әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді.

Айман ЕСЕНБАЕВА, көпбалалы ана:

Қариясын қазынам деп білген келіншек, қанша шаршаса да зейнеткерлердің батасынан қуат алатынын жасырмайды.  

Айман ЕСЕНБАЕВА, көп балалы ана:

Енді жазда жеміс егіп, бақшасын жайқалтпақшы. Сол өнімді сатып, кейін мал асырап бағуды діттеп отыр.

Жалпы Нұра ауданында қазір 29 көпбалалы ана пәтер кезегінде тұр. Аналарға қолдау ретінде жергілікті билік тұрғын үйлерді сатып алуда. Нәтижесінде былтыр 15 көпбалалы отбасы баспана бақытына кенелген. Бұл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне бағытталған тарту.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...