ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ

17:11, 16 шілде 2021

Шет ауданындағы Талды археологиялық кешенінде қола, ерте темір дәуірлеріне жататын қорымдар зерттелуде. Мұндағы табылған жәдігерлерді бағамдай келе ғалымдар осы төңіректегі Қызылжартас қорымында сақтар заманының патшасы жерленген, -деген болжам жасап отыр

Талды археологиялық кешенін келешекте аспан астындағы мұражайға айналдыру жоспарда бар. Мұндағы ең ерекше жерлердің бірі ерте темір дәуіріне жататын мына қос сақ қорымы. Бұл қорымдардың ғылымға берер жаңалығы мол, - дейді ғалымдар.

Арман БЕЙСЕНОВ,  «Беғазы-Тасмола» ғылыми зерттеу орталығының директоры:

-Ормен қоршау, сосын тас қоршау салу сыртына деген, оның сыртына дөңгелектенген диаметрі 3-3,5 метр  арнайы шеңберлер жасаған. Ол сол арнайы мал шалған құрбандық орындары. Сол әлгі алтынмен апталған, күміспен қапталған сол сақ бабаларымыздың бір патшасы жерленген осы Қызылжартаста.

Қызылжартаста 2500 жыл бұрын салынған қорымдардың алғашқысы былтыр зерттелген. Бұл жерден 4 бірдей тас мүсіннің табылуы балбал тастардың түркі заманында емес, одан әрі сақтар кезінде болғанын айдай әлемге паш етті. Одан бөлек түрлі алтын әшекейлер, қару-жарақ, құрбандыққа шалынған мал сүйектері табылған. Ал, биыл оның маңындағы екінші қорым аршылуда. Өкініштісі сол, қорымдар ертеректе көп тоналып, сәулеті бұзылған.

ИГОРЬ КУКУШКИН, «Сарыарқа» археологиялық институтының жетекші қызметкері:

-Бұл қорымдарда жалпақ гранит тастарды өте тиімді пайдаланған. Сол кездегі адамдар бұл материалды алатын жерді білген және ол тастарды төртбұрышты, тегіс етіп өңдей алған. Сондай-ақ салмағы тым айыр тастарды тасымалдаудың технологиясын да ойлап тапқан. Осы Талдысай аумағында табылған жылқы сүйектері, дөңгелекті арбалар соның дәлелі.

Ал мынау Сеңкібай қорымы. Мұнда б.3.д. 2 мыңыншы жылдың 1-ші жартысы, яғни қола дәуірінің 200-ден астам қорымы жатыр. Гранит таспен салынған жерлеу орындарынан адам қаңқалары, қоладан жасалған қару-жарақ, шаруашылық заттары, қыш ыдыстар табылған.

ТҮЛКІБАЙ ТӨЛЕУОВ, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

-20 шақты археологиялық нысандарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, 15 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері жаман емес. Әлемдік дәрежедегі жаңа жәдігерлер табылып жатыр. Пирамида бүкіл әлемге белгілі болып жатыр. Аспан астындағы мұражайдың құжаттарын дайындап, соны тіркеуден өткізіп, биыл ашамыз деген жоспарымыз бар.

Бұл төңіректің кешенді зерттелуіне 2015 жылы осы аумақтан Қаражартас қорымы мен атақты «Сарыарқа пирамидасының» табылуы себеп болды. 2018 жылы Талды археологиялық кешенін  ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру үшін үш жылдық жоспар қабылданған. Төрт мың жылдық тарихтан сыр шерткен шежіре даланы археологиялық паркке айналдырса, өскелең ұрпақ  үшін берер тағылымы зор болмақ.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...