ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӨНЕ АСПАПТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУШЫ

16:01, 19 қараша 2021

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасындағы бүгінгі кейіпкеріміз – ұлттық өнердің жанашыры, қазақтың ұмытылған аспаптарын қолдан жасап, оларды халық арасында насихаттап жүрген өнерпаз, Азамат Бақия. Оның шеберханасында қазақтың және өзге ұлттың мыңнан астам аспабы бар. Арасынан, тіптен кездейспейтін бірегей дүниелер табылады

Азамат Бақияның есімі Жезқазған, Сәтбаев және өзінің туған өлкесі Ұлытауға кеңінен таныс. Ұлттық өнерді жаңғыртып жүрген тума талант. Тәуелсіздік ұрпағы ұмыт  болып бара жатқан ондаған аспап түрін қайта жасап шығарған. Шебермен сұхбат жазуды 2 ай күттім. Сәті түспеді. Толассыз байқаулар мен фестивальдер – өнерпазға деген сұраныстың жоғары екендігінің бір дәлелі.

Азамат БАҚИЯ, Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі, «Алтын Орда» ұлт аспаптар ансамблінің мүшесі:

-Бір сазсырнай жасауға 40 секунд уақытым кетеді. Тек кебуі мен күюі.(кесіпжалғау керек) Сазсырнай өте берекелі аспап мен үшін. Ең мықты саз, балшық осы Ұлытау жерінде екенін 2 жыл бұрын білдім. Мен өзім Қапшағайдың сазын Алматы жақтан алдыртатынмын. Ол өте сынғыш, жарылғыш, капризный болып келеді. Сөйтіп Ұлытау жеріндегі ақ саз, қара саз Қырғызстаннан Ресейге дейін осы жақтан шығып жатыр біздің өндеуімізде. Өйткені таптырмайтын саздар. Кебуі де, күюі де мықты екен. Қазір 9 саздың түрін қолданамын. Ол үнге де әсер етеді. 

Сазсырнай аспабын шебер әбден зерттеген. Тоқтаусыз мәлімет беруге әзір. 6-шы сынып оқып жүргенде алғашқы жасаған аспабы бұл. Содан бері Қазақстан, Ресей, Моңғолия мен Қырғызстан елдерінен сазсырнайға 20 мыңнан астам тапсырыс түсіпті.

 Ғалым МҰХАМЕДИН, Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

- «Ұлытауға бардың ба? Ұлар етін жедің бе?»-деген қазақтың сөздері бар. Ұлар құсын көрген адам жоқ. Бұрын болған дейді. Аңыз. Сол ұлар құстың дауысын осы Азамат аноу шетелдерден көріп, тауып алып дауыстарын, керемет бір үрмелі аспап жасады. Оның атын «Ұлар» деп қойды. Енді жаңағының дауысы сол ұлардың дауысын бізге жеткізген тағы Азамат. Өнері ғажап енді. Бұл домдыра да, қобыз да жасайды.

Бұл Азамат Бақияның шеберхана-музейі. Жұмыстан бос уақытын осында өткізеді. Мұнда үрмелі, ұрмалы, шертпелі аспаптардың 1700-ден астам түрі бар. Барлығында шебер ойнайды. Коллекциясындағы 2,5 ғасырлық сыбызғысы мен домбырасы ерекше құнды. Ал, кейіпкерімнің қазір өнер көрсетіп жүрген сыбызғысы – әйгілі сыбызғышы Кәлек Құмақайұлынан қалған аманат екен. Азамат үнемі ізденіс үстінде. Тіпті ғұн, сақ заманындағы аспаптарды қайта жасап шығарыпты. 

 Азамат БАҚИЯ, Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі,  «Алтын Орда» ұлт аспаптар ансамблінің мүшесі:

-          Ең ұзақ жасаған аспабым желбуаз. 3 жыл уақыт эксперимент кетті. Қойып кеткім келді. Болмайтын дүние екен, болмасын деп. Бірақ, сонда да қимай қойдық. Бұнда өте көп шығын әкелетіні, малдың терісін тұтастай сойған теріні таптырту немесе сойып жатқан кісілерге тұтастай сойып. Ол тері келгеннен кейін оның өңдеу жолдары да ұмытылып қалған екен. Қаншамасын бықсытып, шірітіп алдық. Қамыстың өзін Венгриядан алдырттық. Ол жақта арнайы қамыс өседі екен. Су тисе суланбайды. Ал біздің қамыстар суға тигенде жарылып кетеді.  

Жігітке 7 өнер де аздық етеді демекші, кейіпкерім күйші ретінде де танымал. Оның «Рух» туындысын қазір Қазақстан мен Моңғолияның оркестрлері орындап жүр. Сонымен қатар, ұмыт болған «Ор теке» қуыршақ театрын да ел арасында дәріптей бастаған. 

Азамат БАҚИЯ, Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі,  «Алтын Орда» ұлт аспаптар ансамблінің мүшесі:

-Егер менің қолымнан келіп тұрса, қазақ халқына неге қызмет етпеске? (кесіп жалғау керек) Шеберханада көне аспаптарды түпнұсқасына дейін жасап шығару. Ансамбльдерге сыйға берем әруақытта. Олар сол аспапқа шығарма жазу керек. Менің сұрайтыным сол. Әр конецрттерінде сол аспаптарда орындау керек. Бұған өте жақсы «Тұран», «Хассак», «Отырар сазы» сияқты Қазақстандағы ең үлкен оркестрлер атсалысады.

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...