КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

12:30, 8 сәуір 2021

Заңсыз қоқыстарды жойып, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарып, табиғатты қорғау керек. Осындай ұстаныммен Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы» құжатты қарастырды

Қазіргі кезде Қарағанды қаласында іңгәлаған сәбиден еңкейген кәріге дейін әр шаңырақтағы адам үшін қоқыс шығаруға қаражат жиналады. Сіз бен біз төлеп жатқан ақша монополистердің жағдайын жақсартып, сапалы қызмет етуге қаншалықты жеткілікті деген сұрақ сессия барысында талқыға түсті. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының айтуынша, энергетика министрлігі 2016 жылы бекіткен бұйрықпен қазіргі ахуал жер мен көктей екен. Мысалға, осыдан 6 жыл бұрын коммуналдық қызмет техникалары үшін жағармай құны 105 теңге болса, қазір нарықтағы құны 156 теңгеге жуықтаған. Жанармай құны болса 117 пайызға қымбаттаған.

Сәбит ОСПАНОВ,  Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-  Жұмыстың сапалы болуы үшін ішкі құрылымды жақсарту маңызды. Көп қабатты үйдегі жеке тұлғалар қоқыс, тұрмыстық қалдық шығаратын қызмет үшін жан басына 380 теңге ал, жеке сектордағы жандар әрқайсысы үшін 410 теңгеден төлейді. Ал шағын және орта бизнес субъектілері бір шаршы тұрмыстық қалдыққа 1530 теңге төлейді. Қызмет көрсетушілерге талап қашанда жоғары. Қалалық мәслихат депутаттарынан осы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймыз.

Қалада коммуналдық қызмет көрсететін үш монополист бар. Тараптар онлайн жиында қалдықтарды шығару тарифі қаншалықты тиімді деген сұрақтарға жауап іздеді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге кететін шығыстарды есепке алу маңызды. Сонымен  қатар 22 қоқыс алаңын реттеу де күн тәртібінде тұрған мәселе.  

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ,   Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Мердігер компаниялардың жұмысы сапалы болуы қажет. Ол халық үшін жасалатын жұмыс. Экологияны сақтау қажет. Тұрмыстық қалдықтарды шығаруға қатысты сұрақтар толыққанды шешімін табу керек.

Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттары жиында коммуналдық қызметті назарға алып, жүргізілген есептің өз нәтижесін береріне сенімді. Қоқысты шығару мен тұрмыстық қалдықты жоюдан бөлек, монополистер оны қайта өңдеуді жандандыра түсу қажеттігін де еске салды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...