КӨКТЕМГІ АҢ АУЛАУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

15:59, 6 сәуір 2021

3 сәуірден 17 сәуірге дейін үйрек пен еркек қара құрды аулаудың көктемгі маусымы ашылды. Бұл Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясының бұйрығы

Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандарының Оңтүстік аймағында, ал 17 сәуір мен 1 мамыр аралығында Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандарында аң аулауға болады. Ол үшін арнайы рұқсат керек. Аңшылық кезінде аталған құжат заңды және жеке тұлғаның өзінде болуы шарт. Қару ұстауға және оны қолдануға берілген куәлік те қажет. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тұрғындардан аулауға рұқсат етілген жануарлардың мерзімдері мен түрлеріне сәйкес ережелерді сақтауды сұрайды. Сондай-ақ, атыс қаруын қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаса дейді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...