ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КОКС ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

16:47, 13 қазан 2021

Нұра ауданында жылына 400 мың тонна өнім шығаратын арнайы кокс өндіретін жаңа зауыт салынады. Еуразиялық топқа кіретін «Шұбаркөл Көмір» компаниясы ірі жобаны жүзеге асыруда

Өнеркәсіптік алаңда еңбекшілерге 2071 жылға жолдауы бар капсула салынды. Арнайы кокс ферроқорытпалар мен таза кремний өндірісінде тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады. ҚР тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының бағалауы бойынша ішкі қажеттіліктер жылына миллион тоннадан астам өнімді құрайды. Бүгінгі таңда бұл өнім Ресей мен Қытайдан үлкен көлемде импортталады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

Зауыт құрылысы импортты алмастыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған тағы бір табысты жоба болмақ, Жобаға шамамен 40 млрд теңге инвестиция салу, 120 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қазіргі заманғы технологиялар мен жаңа жабдықтар пайдаланылатын болады.

Арнайы кокстан басқа жылына 72 мың тонна көлемінде көмір шайыры мен көмір майын өндіру жоспарлануда. Өндіріс үшін шикізат Шұбаркөл разрезінің «Д» маркалы көмірі болады.

Шухрат ИБРАГИМОВ, ERG Директорлар кеңесінің мүшесі:

ERG-дің Қазақстанда жүзеге асыратын өршіл жоспарлары бар. Алдағы жылдары біз жаңа жобаларға және қолда бар өндірістерді жаңғыртуға 6 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Арнайы кокс өндіретін зауыттың құрылысы – «Шұбаркөл көмір» мен ERG жалпы өз қуатын арттырып келе жатқандығының дәлелі.

Мамандардың айтуынша, өндіріс ең заманауи технологияларды қолдана отырып, экологиялық таза болады. Энергия мен су ресурстарын үнемдеу жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленген. Жаңа зауытты іске қосу 2023 жылға жоспарланып отыр.

Ботабек ТІЛЕГЕНОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...